ЖҮРЕГІМЕ ҮҢІЛДІМ…

ЖҮРЕГІМЕ ҮҢІЛДІМ…

Көру үшін бір рет,
Өзіңді іздеп, Құдірет,
Талай жерді таптадым,
Бірақ Сені таппадым.

Тыншиды ма бұл кеуде,
Ендім зәулім шіркеуге.
Бойы көкпен тірескен
Таба алмадым өзіңді
Күмбездегі кірестен.

Осы ма деп тұрағың,
Сүзіп шықтым көзіммен
Иудаистер храмын.
Ол да сенің, Құдайым,
Емес екен тұрағың.

Енейін деп күйіне,
Кірдім будда үйіне.
Ғибадатхана монағы
Тас мүсінді көрсетіп
Осы деді құдайың.

О, Жаратқан, Құдірет!
Іздесем де күнімен
Жүзің тұрмақ, ізіңді
Көре алмадым бірінен.

Таусылған соң шыдамым,
Жағып үміт шырағын,
Бардым іздеп Қағбаға.
Молда шықты алдымнан
Келіңіз деп тәубаға.

Мен олардан түңілдім,
Жүрегіме үңілдім.
О, Құдірет – Жасаған!
Сонда ғана түсіндім,
Сенің ұлы мекенің
Ж Ү Р Е Г І М Д Е Е К Е Н І Н.

Джалаладдин Румидің шығармасы.

Өлеңге айналдырған Мұқтарбек Тұрысбекұлы 12.02.23 ж.
13.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 542
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 543
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 573

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13631
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13601
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28719
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27389
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30902