Жыл сайын 3 млн мал терісі далаға тасталады

Жыл сайын 3 млн мал терісі далаға тасталады

   Елде ірі қара мал терісін өңдеуді әрі қабылдауды жетілдіру мәселесін көтеріп, осы орайда Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың атына сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Юрий Жулин: «Отандық мал шаруашылығында жыл сайын әрі кеткенде шикі терінің 10-20 пайызы өткізіледі. Ал ірі қара малдың өңделмеген 2,5-3 млн терісі далаға тасталып, ауылдардың шеттерінде шіріп жатыр. Ашық мәліметтер бойынша, шаруалардың шығындары 14 млрд теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, осыдан санитарлық-эпидемилогиялық проблемалар да туындайды. 5-6 жыл бұрын ауыл тұрғындары экспорттық тиімділігі бар былғары шикізатынан табыс алатын еді. Алайда 2016,2017 және 2019 жылдары былғары кәсіпорындарын қолдау үшін тері экспортына шектеу енгізілді. Аталған шектеу елеулі нәтиже бермеді, қазіргі кезде кәсіпорындардың жүктемесі де тиісті деңгейде емес.  Бұл тұрғыда аталған шектеу мал терісін даярлау саласын мүлдем құлдыратып жіберді. Терінің тым көп болуы шикізаттың бағасын түсіріп жіберді. Көп өңірде мал терісін жинау жүргізілмейді, өйткені тиімсіз. Бұл сала негізінен ауылдағы шағын бизнесті өркендетуге септігін тигізер еді. Әрине, былғары өңдеу саласын қолдау керек, бірақ оны шаруалардың есебінен іске асырмаған абзал. Алайда Үкімет шектеуді алып тастап, оны экспорттық баж салығына ауыстырды – тоннасына 200 еуро. Бұл тағы да фермерлер үшін тұсау болып тұр. Шикі былғарына даярлау мәселесі Ауыл шаруашылығы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне қатысты. Нәтижесінде, елде шикізат көлемі артып жатқанымен, кәсіпорындар лайықты деңгейде жүктелмеген, ал былғарының шетелдік нарықтары игерілмей жатыр. Біздің көршіміз Қытай елі теріні АҚШ пен Аустралиядан импорттайды. Ал біздің шаруалар мал терісін лақтырып, қосымша табысынан айырылып отыр. Осы орайда мен былғары өңдеу бағытын Ауыл шаруашылығы министрлігіне ғана беруді сұраймын. Сонымен қатар өңделмеген теріге экспорттық баж салығын алып тастауды ұсынамын. Өңірлерде сервистік-даярлау орындарын ашу мәселесін шешіп, ауыл тұрғындарын малдарын ет комбинаттарына өткізуді ынталандыру бойынша шаралар қабылдау керек. Бұл өз кезегінде сапалы былғары шикізатын алу үшін теріні кәсіби даярлау мен сұрыптау жүйесін құруға мүмкіндік береді»,— деді.

Ермек Сахариев
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 144
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 142
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 656
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 776
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 689
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 699

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8838
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8236
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11463
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9220
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10447