Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков түрғынүй нарығына қатысты: «Баспана құнының көтерілуіне «7-20-25» бағдарламасы айтарлықтай әсер етпейді. Біз «Нұрлы жер» бағдарламасымен жұмыс істейтін боламыз.

Құрылыс ауқымы артады. Инвестиция тартылады, сондықтан сұраныс артып, тұрғын үй бағасы қымбаттап кетеді деген ойдан аулақпыз. Наурыз айының соңына дейін заңнамаға енгізілетін өзгерістер бойынша құжаттар дайындалып, Парламент қарауына ұсынылады.

Ол қабылданғаннан кейін жаңа ипотекалық несие тетігі іске қосылады. Көктемгі сессия кезінде осы түзетулер қабылданатын болады, ал бірінші жартыжылдықта біз барлық дайындық шараларын аяқтаймыз. Алғашқы пул қалыптасқан соң банктер екінші жартыжыллдықтан бастап жаңа бағдарлама бойынша несиелер беруді бастайды. Әрине, біздің компания – бұл бастаманы іске асыратын еншілес ұйым. Оны жүзеге асырып, осы несиелерді сатып ала алады»,— деп түсіндірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.