Басылымға хат жолдап, Президент Қ.Тоқаев, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың атына арыз-шағымын жеткізген талапкер Келесбек Нұрпейісов — зейнеткер. Ол 20 жылдан бері өзіне тиесілі жерді заңдық негізде тіркете алмай пұшайман күйге түсіп, сот әділетсіздігінен жапа шеккен жан. Біз төменде оқырманымыздың мемлекет басшысының атына жолдаған хатын беріп отырмыз.

Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза!

Менің Сіздің атыңызға хат жазуыма бақандай 20 жыл бойы жалғасып келе жатқан жер дауы себепкер болды. 1) 1999 жылы көп дау-дамайдан кейін игерілген №164 бас жоспардың шекарасымен белгіленген мемлекеттік акт 2000 жылы маған берілмеді. 2) Аталған бас жоспар шекарасы заңды деп танылып, көршім З.П. Афанасьеваның жер үлесі 0,0513 га, екінші көршім Т.К.Топашевтің жер үлесі 0,0435 га болып біржолата бекітілгенін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Я.И.Заяц мырза мен жер қатынастары басқармасының қала архитектурасынан өздері сұрап білген еді. Ол осы мекеменің №3-2-5027; 3888; 19.07.2001 жылғы жауабында көрсетілген. Бірақ, соған қарамастан мемлекеттік акт маған 2001 жылы да берілмеді. 3). Осының бәрін біле тұра 26.03.2002 жылғы заңсыз сот шешімін А.В.Смоленинованың қабылдатқанын қалалық соттың №44Г-337 08.07.2002 жылғы қаулысынан көре аласыз. Бұл маған жасалған үшінші қастандық еді. 4)10.11.2000 жылғы сот шешімімен игерілген №164 бас жочспардың шекарасын 26.09.2002 жылғы сот комиссиясын басқарған Алматы қаласының әкімдігі мен жер қатынастары басқармасы барлығы 4 адам бірігіп, екінші мәрте заңды деп тапқан шешімінен көріп отырсыздар. Бірақ акт берілмеді. Неге? 5). 2000 және 2002 жылғы сот шешімдерінен соң берілмеген мемлекеттік актіні 2005 жылы қайта сұрадым. Алайда АОДТ мекемесінің ақаулы телефонын желеу етіп, №5\684 14.10.2005 жылғы заңсыз қаулымен әлгі акті тағы берілмеді. 6). №5\684 қаулысының заңсыз екенін дәлелденген соң қабылданған № 3Р-06-34743 10.10.2006 жылғы тапсырыстан соң да акт берілмеді. 7)№5\684 қаулы туралы есіткен көршілерім ерлі-зайыпты Богдановтар (З.П.Афанасьеваның қызы мен күйеу баласы) дереу 2000 жылы №164 бас жоспармен игерілген жердің шекарасын қайта бұзып, қайта жер дауын көтерді. Сотқа үш мәрте жүгіндім, алайда әділдікке жете алмадым. (Соттың үш шешімі де қолымда бар). 2004 жылы Богдановтар көшіп кетіп, оның үйін сатып алуға жаңа көршім Борис Ақберлин сот шешімімен бекітілген 0,0513 га жердің көршімен бір сызықта екенін мойындап, қисық қоршауды түзеді. Осымен жер дауы бітті, енді 141174 жауаптағы тапсырыс орындалар деп үміттенемін. Десе де, осындай айтыс-тартыстардан 20 жыл ішінде мен материалдық та, моральдық та зор зиян шектім. 2020 жылы берілген патенттен көрсеңіздер, менің бір жылдық табысым 5 миллион 400 мың теңге. Егер мен мемлекеттік актіні 10. 11. 2000 жылғы сот шешімімен алсам, онда жеке кәсіпті тура 20 жыл бұрын бастар едім. Сол жылдарда 40 миллион теңге қосымша табыс табар едім. Іс жүзінде сот шешімі «әрі тарт та бері тартқа» салынып, мен қыруар пайдадан қағылдым. Бұл үшін кім жауап береді?» – деп сұрақ қояды. Әрі қарай ол: «Осы фактілердің бәрін шынайы дәлел ретінде көрсете отырып, маған қасақана жасалған қастандықтар үшін Процестік кодекстің 455 бабының 2,3 бөлігінің бірінші тармағына сәйкес талапкер ретінде Алматы қаласының бұрынғы әкімі В.В.Храпуновтан, оның орынбасары Я.И.Заяцтан және жалған ақпаратты біле тұра соны негізге алып 05. 09. 2012 жылы заңсыз сот шешімін шығартқан жер қатынастары басқармасынан (үш тараптан) 2 миллион теңге моральдық және жоғалтқан табысымды өндіріп алу туралы өтінішімді Алматы қаласы, Түрксіб ауданының сотына түсіремін, және бұл өтінішті заңды деп тануларыңызды сұраймын».

Үлкен құрметпен, Келесбек Нұрпейісов

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз