Ана тілін аялаған оқушылар

0
373

Бәрекелді!

Жылдағы дәстүр бойынша «NURORDA» мектеп-лицейінде қазақ тілі бірлестігінің мұрындық болуымен «Ана тілі – жарқын елдің тірегі» тақырыбында   қазақ тілін дәріптеу мақсатында қазақ тілі апталығы  кең көлемде аталып  өтті.  Алғашқы күні мәжіліс залында  апталықтың  ашылу рәсімі салтанатты түрде  өткізілді.Оқушылардың орындауында әсем ән шырқалып, күй орындалды. Тілдің құдіреттілігін жеткізуде көрініс қойылып, көрерменді терең ойға батырды. Келесі күні «Сауатты жастар – салауатты қоғам» тақырыбының негізінде әр сынып оқушылары диктант жазды. Оқушылардың сауатты, таза жазуына, тіл байлығын арттыруына көңіл бөлініп, грамматикалық сауаттылықтары тексерілді. Кезекті күні «Білгенге маржан…» тақырыбында оқушылардың  бірі әңгімені оқыса, екіншісі оқылған мәтін бойынша сурет салды. Оқушылар бір-бірінің оқыған әңгімелерін мұқият тыңдап, өзіндік ғажайып қиялымен, ерекше ықыласымен ойларын шебер жеткізді. 1- сыныптар арасында «Тіл білігірлері», 2-сыныптар арасында  «Ұшқыр ой мен шешен тіл», 4-5- сыныптар арасында «Біздің болашағымыз – білімді ұрпақ» тақырыптары бойынша білім сайыстары өткізілді. Бұл сайыстардың оқушыларды логикалық ұшқырлыққа, тапқырлыққа, шапшаң ойлауға тәрбиелеуде маңызы зор болды. Апта ортасында барлық сыныптар арасында «Ана тілі – білімнің кілті» айдары негізінде білім көрмесі ұйымдастырылды. Әр сынып оқып жатқан тақырыптары бойынша  постер, макет, тағам түрлерін дайындап, әділқазылар алдында жұмыстарын ерекше тапқырлықпен қорғай білді. 6-сынып оқушыларының арасында «Қорғансыз бала» бойынша дебат өткізіліп, оқушылар алған білімдерімен бақ сынасты. Қазіргі заман талабына сай оқушылардың бәсекелестікке түсе алатын жан-жақты қабілеттері мен тіл байлықтары ұстаздарды сүйсіндіре білді. Апталықтың соңғы күні мектеп фойесінде  «Жас мұраты – білім, тәлім-тәрбие, өнер және оқу» тақырыбында тапқырлар жәрмеңкесі өте тартысты өтті. Ұстаздары дайындаған түрлі технологиядағы қызықты ойындарға оқушылар ерекше қызығушылықпен қатысып, жеңіске жеткен оқушыларға қазақи дәстүр – қонақжайлылықпен бауырсақ үлестірілді. Барлық оқушылар арнайы дипломмен,сыйлықтармен марапатталды.

Ақбота Мамбетова,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.