ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы қаралды.
Стратегиялық бағдарламаның тұжырымдамасына сәйкес «Қазақстан Республикасында сауданы дамытуға қатысты мәселенің өзектілігі мен тәсілдері» туралы Дүниежүзілік банктің өкілі Ш. Рахарджа мен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов баяндама жасады.
Тұжырымдама жобасымен Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов таныстырды. Оның айтуынша, сауда Қазақстанның ЖІӨ-нің 17 пайызын құрайды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша саланың өсу қарқыны 7,6 пайызға жеткен. Ал жұмыспен қамтылған қызметкерлердің саны 1,4 млн адам. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 96,1 млрд доллар. Оның ішінде экспорт – 57,7 млрд долларды және импорт 38,4 млрд долларды құрады. Осы орайда Б. Сұлтанов Ұлттық сыртқы сауда саясатын алдағы 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама негізінде экономикалық дипломатия құралдарын пайдалану, көпжақты экономикалық интеграциялық бірлестіктердің алаңдарында бизнестің ұлттық мүдделері мен қызығушылықтарын ілгерілету мен қорғау арқылы әлемдік экономикаға интеграциялануға бұру керектігі жөнінде сөз қозғады. Сонымен қатар, жиын барысында тұжырымдама жобасына сәйкес ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаның негізгі 7 міндеті белгіленді.
Спикерлердің айтуынша, қазіргі уақытта Тұжырымдамада көзделген шараларды қажетті қаржыландыруды бағалау жөніндегі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов аталған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нарықты сапалы өніммен молықтыруды және экспорттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін заманауи сауда жүйесін құруға және дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.