Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жусантай ауылындағы тұрғындардың барлығы ішімдік пен темекі секілді зиянды заттардан бас тартты. Бұл ауылдың тұрғындары зиянды заттардан зардап шекпейді және жұмыссыздық мәселесі де орын алып жатқан жоқ. Дүкен сатушысы Қарлығаш Елтай: «Біз сатып алған заттарға 5-10 теңге қосамыз. Ал мына үш затты дүкендерде мүлдем сатпаймыз: темекі, ішімдік, насыбай. Зиянды заттарды сату арқылы келген ақшада береке болмайды»,- дейді. Бұл ауылдың тұрғындары салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды заттардан бас тартқандарына біраз уақыт болған. Жеке шаруақожалығының иесі Изетбек Тазабекұлы: «Бізде ешкім жұмыссыз жүрмейді. Барлығы үнемі жұмыс істеп жүреді. Тазалық жұмыстарын жүргізген кезде, кейде үлгермей жатып, адам жалдайтын кездеріміз де болады»,- дейді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз