ШЕРУ ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ «ШЕРІ» ТАРҚАЙТЫН ЕМЕС

0
249

Шеру десе шоршып түсетін халге жеттік. Дамыған елдерде халықтың өз пікірін айтуы заң аясында жолға қойылған. Шектен шығу жоқ. Биліктің ұстаным ұнамай ма, кез келген адамның алаңға шығып, өз пікірін білдіруге құқы зор. Бізде қалай? Халықтың шеру туралы түсінігі мүлде бөлек. Билік басындағы кей азаматтардың да ойлары қызық. Қарсылық шеруі – билікті төңкеріп тастауға бағытталғандай үрей басым. Сондықтан болар, полиция да шап беріп ұстап әкетуге дайын тұрады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында митинг ұйымдастыру кезінде хабардар ету қағидасын енгізуді қолдайтынын айтқан. «Саяси бастамалардың топтамасы әзірленді. Мысалы митинг өткізуді хабардар ету қағидасын енгізу керек. Қоғам санасына митинг мәдениетін сіңіретін уақыт келді. Қоғам да, мемлекет те бұқараның өз ұстанымын білдіруіне адекватты қарайтын кезге жетті. Бұған мәжбүрлі түрде емес, саналы түрде келу қажет. Митинг адамдардың құқығы ғана емес, жауапкершілігі екенін түсінуіміз керек», – деді Қ.Тоқаев.
Мемлекет басшысы сол жолы жолдау негізінде «Бейбіт жиындар туралы» заң жобасы әзірленгенін айтқан болатын. «Заң жобасында бейбіт жиындардың барлық формалары нақты белгіленіп, маслихаттарға арнайы орынды белгілеу құзыреттігін беру, «ұйымдастырушы мәртебесі», «қатысушы», «бақылаушы» түсініктері мен олардың құқықтары мен міндеттері белгіленді. Бұл жерде сөз қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу ғана емес, бейбіт жиындардың барлық формасын ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін реттейтін концептуалды жаңа заңды әзірлеу туралы болып отыр. Үкімет заң жобасын Парламент қарауына енгізуі керек, – деді Президент Ұлттық кеңестің ІІ отырысында. Сонымен Президенттің жарлығы орындалып 12 наурыз күні ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәжіліске бейбіт митинг туралы заң жобасын әкеліп таныстырды.
Талқылау кезінде бірнеше депутат полиция мен арнайы жасаққа қатысты ұсыныс айтты. Әсіресе белсенді депутат Берік Дүйсенбинов, заңға арнайы жасақтың этикасы туралы бап енгізу керектігін еске салды.
— 25 адам көшеге шықса, 250 полиция қоса шығады. Халық митингіге шыққандардан гөрі арнайы жасақтан қорқады. Соғыс болып жатқан сияқты. Сол арнайы жасақтың этикасы туралы енгізуге болмай ма? Бастықтың, министрдің баласы көшеде полиция болып адам ұстап жүрген жоқ. Олардың бәрі өзіміздің балаларымыз. Біз оларды жау қылып болдық, – деді депутат күйініп.
Министр Абаев не деді дейсіз ғой? Ол: – Біздің мақсатымыз – митинг мәдениетін қалыптастыру. Халық митингіге шыққысы келмейді, бірақ халық егер шыққысы келсе, сол құқығын беруіміз керек, – деді.
Шынын айтсақ, «Мен не деймін, домбырам не дейдінің» кебін кейіп депутат қалды.

Нағашыбай Қабылбек

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.