Ақшаны қайтарсаң, боссың

0
2219

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев: «Қазір бізде қылмыспен ұсталғандарды ақшаны қайтарса, босатуға болады, яғни  ақшаны қайтарсын да, кете берсін деген құқықтық заң бар. Ендеше, «Қорғас» ШЫХО экс-президенті Василий Нидің қылмыстық жауапкершіліктен босатылуын дұрыс деп есептеуге негіз бар»,— дейді. Естеріңізде болса, «Қорғас» ШЫХО президенті Василий Ни былтырғы жылғы 5 қыркүйекте миллион доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Ол осы параны инвестициялық тендердің нәтижелерін шешіп беру үшін алған делінген-ді.
Жуықта сол экс-президенттің қылмыстық жауапкершіліктен босатылғаны хабарланған. Бұл туралы Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Бақытжан Қармановтың ресми сауалға берген жауабында да айтылған. Енді инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаеваның да қылмыстық жауапкершіліктен босатылғаны белгілі болып отыр. Соттағылар ресми сауалға берген жауаптарында: «Прокурордың өтініші бойынша және сотталушылардың осыған дейін сотты болмауына, жұмыс орны мен тұрғылықты жерінен жағымды пікірлер болғандықтан және сотталушы Сайдуллаева Махабаттың асырап алған кішкентай баласы болуына байланысты сот ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабының 1-бөлігі негізінде («Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату») жауапкершіліктен босатты»,— делінген-ді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.