Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 44-ке жетті. Әкімдіктің хабарлауынша, Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округінің 1977 жылы туған тұрғыннан коронавирус табылды. Ол 4 сәуір күні қайтыс болған 1956 ж. Жетісай ауданының азаматымен жақын байланыста болған. Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 15 адам тіркелген, оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған. Сондай-ақ, Кентауда – 5, Ордабасы – 2, Сайрам – 2, Мақтарал – 4, Арыс – 14, Сарыағаш – 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан. Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз