Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай

 

…Бұл жеңicтiң оңай келмегенiн, ол ұрпак жаксы бiледi. Екiншi дуниежүзiлiк соғыста қазақ халқы майдан шебіндегі жауынгерлерге екі жарым миллионнан астам жылы киім-кешек жіберген екен.
Кезінде, сол ел ісіне белсене атсалысып, ұршык иiрiп, жылы киiм тоқығандардың бүгiнде көзi тiрici Балкыбекова Орынбасар апа. Сұрапыл соғыс басталған жылы, апа тоғыз – он жастағы тұлымшағы желбiреген қыз екен. Туып – өскен жері, ата – бабасы мен әке -шешесi, ол заманда қазipгi Ақмола облысы, Нұра ауданы «Нұра» өзенiнің бойын жағалай қоныстанған байырғы қазақтар екен. Темкеш руынан. Әйгiлi өлеңдегi орыс қызы Мәриям Жагорқызы мен қазақ жігіті Дударай туып – өскен ауылдан екен.
Қатiгез соғыс кімді аяды дейсіз !? «Ол дәуiрдiң балалары бала болып асыр салып ойнаған жоқ» -дейді апа. Себебi, ойнайтын уакыттары болмаған. Бес – алты жасар бұғанасы қатпаған балалар, көктем шыға қозы көгендеп, қой бағумен айналысқан. Жұмыстан сiлесi ката шаршаган олар, кешке үйге келе қалжырап ұйықтап калады екен. Соғыс басталғаннан біткенге дейін, бес жыл бойы таңалакеуімнен тұрып атқарған жұмыстары осы болған. Ата – бабамыздың ұлт бойына сіңірген тәрбиесі арқасынада соғыс кезінде қазақ халқы еліне бірауыздан тұтастай беріле енбек етті. Орынбасар апаның айтуынша, белi бүкiрейген әжелер мен апаларға дейін қарап қалмаған. Олар өріс басында, фермада сиыр сауып, тiке сол жерден сүттi презендеп, сонау, алыс майданга жөнелтiп отырған. Ауылды жердегi қазақтар еңбектеген сәбиден, еңкейген қариясына дейiн санаспай ақ ниеттерiмен жыл он екi ай бойы осылай үзiлiссiз еңбек етедi. Олардың көкейiнде бiр ғана мақсат – жауынгерлер жаурап қалмай, жауға тойтарыс берсе деген мақсат тұрды. Сол себептi жан аямай тылда жаумен күрестi. Ал, күзгi жұмыстар қазан айында басталған. Бригадирi атпен жүріп кешке қарай «жұмысқа шығыңдар» – деп, терезені тықылдатып белгі беретiн едi» – дейдi, Орынбасар апа. Үлкен бір үйге жиналған кемпір, бала-шаға әуелі, жазда қырқылған қой жүнін жуып кептіредi. Жасөспiрiмдер болса оны түтiп, әжелерге зуалауға, шиыруға бередi екен. Дайын зуаланы ұршықшылар тобы иіріп жіп жасайды. «Ал, жас қыздар мен келiндер иiрген жіптен майдангерлерге арнап үш саусақты қолғап, малақай, шарф, шұлық, жылы киім тоқыдық. Міне, бұл қазақ халқының тылдағы ерен еңбегінің бір парасы ғана едi» -деп еске алды Орынбасар апа.

Зүбайра Акимова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз