Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 4-8 мамыр аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау, ал 18-22 мамыр аралығында тоқсандық жиынтық бағалау болады.  Қазақстандық барлық оқушылар әдеттегідей 25 мамыр күні жазғы демалысқа шығады. Қазіргі күні коронавирус пандемиясына байланысты оқушылар төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып жатқаны белгілі. Соңғы тоқсанда оқушылар бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды бір реттен ғана тапсырады. Қорытынды аттестациялық емтихан өткізілмейді. Аттестатқа жылдың қорытынды бағалары қойылады. Ұлттық бірыңғай тестілеу мерзімі өзгерген жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз