«Қазақ тіліне қиянат жасама, Сағынтаев!»

0
162

деп плакат көтерген Алматы тұрғыны қала әкімін сотқа бермек

Аталмыш ұйым осыған дейін де бірнеше қалада митинг өткізген. «Бір тіл – бір мемелекет» атты ұранмен бейбіт митинг ұйымдастырып жүрген ұйым өкілдері осыған дейін тіпті Нью-Йорк қаласында да шеру өткіздік деп отыр. Бұл туралы Dalanews.kz «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда “Тіл майданы” атты қозғалыстың жетекшісі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевты сотқа бермек. Қазақ тілінің мәртебесін көтеруді талап етіп, қалада заңды митингке рұқсат ала алмадық деген ол, әкімдік бірнеше рет арызымызды негізсіз кері қайтарды деп отыр.

«Тіліміз тілімденіп бітті» деген Қуат Ахметов Алматы әкімдігіне бірнеше рет барып, бейбіт митингке рұқсат ала алмағанын айтты. Айтуынша, тиісті құжатта 12 тармақтан тұратын талапты толық орындаған. Ол Алматы рұқсат беремін дегенше, Нью-Йорк мэрі мақұлдап, ана тіліміздің мәртебесін шетелдегі қандастарымыздың көтермелеуіне рұқсат бергенін мақтана айтты.

«Алматы қаласының әкімі Сағынтаев мырзаны сотқа берейін деп жатырмыз. Өйткені ол не себепті рұқсат бермегенін бізге айтқан жоқ. Бұл дегеніміз – Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қазақ тіліне қарсы шыққаны», – деді «Тіл майданы» қозғалысының жетекшісі Қуат Ахметов.

Тіл тағдырын талқылау елордадағы еріктілерге де бұйырмапты. «Қазақ тіліне қиянат жасама!» деп плакат алып шыққан Байтас есімді азаматты да полиция алып кетіпті.

Ана тілді ардақтау шарасы Павлодардағы Естай атындағы мәдениет сарайының алдында өтті. Павлодар әкімдігі рұқсат берген, жиынында жұрт ойын айтып, талабын жеткізді.

Сондай-ақ «Тіл майданы» қозғалысы бейбіт митингке рұқсат берсе, мемлекеттік органдардағы ана тілдің қолданысы мен биліктің орыс тіліне басымдық беруін де баса айтқымыз келіп отыр дейді. Белсенділер республика бойынша барлық аймақта бас көтеруді көздеп отыр, сауатсыз аударылған жарнаманы да, мәні жоғалған мәтіндерді де арнайы комиссия қолға алуын талап етеді.

Редакциядан: Біздің газетіміз де «Сағынтып жеткен Сағынтаев» немесе «Ол жазушыларға берген уәдесін неге орындамады?» деген мақала шықты. Аманатымыз осы ана тілімізді Алматы қаласында өркендету жөнінде еді. Бір жылға жуық асса да Сағынтаев мырза тым-тырыс. «Тіл майданының» белсенділері Сағынтаевтан күдер үзген сияқты.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.