ПАТРИОТТЫҚ ӘНГЕ СӨЗ КЕРЕК…

0
62

Маған «Бірліктен» басқасы таныс секілді. Ол да «Адал» болып кетіпті деп шулап жатыр жұрт.  Оған да шүкір етейік. Атауын «Халал» десе не етер ек?
Баяғыда «Партия қайда болса,  жеңіс сонда, жеңіс сонда!»  деп әндететін едік оқушылар хормен. Рахаттанып қалатынбыз.
Ол кезде бір-ақ партия ғой. Қызылдар партиясы.
Бүгінгідей  инкубатордың балапаны секілді қаптаған  партиялар жоқ қой…
Әсіресе әлгі әннің соңғы жағына келгенде «Жеңіс сонда,  жеңіс сонда!» деп ерекше тебіреніп, ерекше сүйсініп айтатынмын өз басым.
Неге екенін әлі күнге түсінбеймін.
Бәлкім, коммунизмге құдайдай  сенген бала көңілдің тазалығы шығар.
Әйтеуір дауысым да «жуандап»,   бойым да «ұзарып», тынысым да «кеңейіп» сала беретін…
Ой, ол да бір дәурен еді ғой…
Сазгерлерге құлаққағыс: осы патриоттық әнннің музыкасын қалдырып,  сөздеріне азғантай «өзгертулер мен толықтырулар енгізіп»  жіберсе,  «жаңарған» жақсы ән шығатын секілді…
Басқаны білмеймін,  өзім үйде айтып жүрер едім.

Нағашыбай Қабылбек

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.