“Алматыда қоғамдық көліктердегі қолма-қол төленетін жол ақысы 150 теңгеге өседі”, — деп жазады “Қамшы” ақпарат агенттігі. Электронды «Оңай» картасымен төленетін жол ақысының құны 80 теңге болып қалады. Мұндай сараланған тариф турасында шешім 29 маусым күні Алматы мәслихаты депутаттарының ортақ келісімімен шықты. Аталмыш әдіс арқылы әкімдік алматылықтардың «Оңай» картасын түгелдей пайдалануын қамтамасыз етпек. «Жұбату» бонусы ретінде екі қоғамдық көлікпен қатынайтын алматылықтар 1 сағат көлемінде «Оңай» картасының бір ғана төлемімен, яғни 80 теңгемен жүру мүмкіндігіне ие болады. Республикада қоғамдық көліктер асықпай, әрі тез арада өз позициясын күшейтуде. Мәселен, осыдан 1 жыл бұрын қоғамдық көліктер 81,7% жолаушыны тасыса, осы жылы 82,4%-ға артқан. Троллейбуспен қатынайтын жолаушылардың саны 13,2%-ға артты. Есесіне, таксопарктердің жағдайы мүшкіл, олардың табысы 36%-ға төмендеген көрінеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз