Өзбекстан билігі елдегі Коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссияның отырысында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Ауғанстанмен шекарасын уақытша жабуға шешім қабылдады. Хабарламада: «Арнайы республикалық комиссияның өзбек-ауған шекарасы арқылы азаматтардың қозғалысын тоқтату туралы қабылдаған шешіміне сәйкес, Ауғанстан азаматтарына туристік визаларды беру және туристік фирмалардан визалық өтінімдерді қабылдау тоқтатылды», – делінген. Ведомство дерегіне сай, коронавирус инфекциясы анықталған Өзбекстан азаматтары арнайы ауруханаларға ем алуға жіберіліп отырады. Ал коронавирус анықталған шетелдік азаматтар Өзбекстан аумағына кіргізілмейді. Еске салсақ, Өзбекстанда КВИ ауруының тұрақты өсуі байқалады. Өткен тәуліктің өзінде 427 адам коронавирус жұқтырған. Ташкент (163) және Ташкент облысы (61) көш бастап тұр. Ауруханаларда 3 571 коронавирус жұқтырған науқас жатыр. Сонымен қатар, Өзбекстанда шетелдіктер үшін міндетті ПТР-тест жүйесі қайта енгізіледі.

Дайындаған — Ермек Сахариев  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз