Фото ғаламтордан алынды

Турнирде октагонға шыққан атақты Конор МакГрегор америкалық Дастин Порьеден жеңіліп қалды. Олардың жекпе-жегі Лас-Вегаста UFC 264 турнирінің басты оқиғасына айналды. Бірінші раундтан кейін жекпе-жек ирландиялықтың ауыр жарақатына байланысты тоқтатылып, Порье жеңімпаз деп танылды. 32 жастағы ирландиялық осы күнге дейін ММА-да алты мәрте жеңіліп, 22 жеңіске жеткен. Бұл оның соңғы бес жекпе-жегіндегі үшінші жеңілісі. Ал 32 жастағы Порье мансабында бұған дейін алты рет жеңіліс тапқан және бүгін 28-ші жеңісіне жетіп отыр. Айта кету керек, алты жылдан астам уақыт бұрын Конор Порьені бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Бірақ биылғы жылдың қаңтарында Дастин екінші бес минуттықта Конор МакГрегордан кек алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз