Кіші Арал мен Ұлы Арал теңізді жалғап отырған Көкарал бөгетінде балықтың қырылып қалу себебіне мамандар: «Оған күннің қатты ысып, суда оттегінің болмауы немесе бөгетте балық өткізгіш қондырғының жоқтығы себеп болуы мүмкін», — деген болжамдарды келтіреді. Балық өткізгіш болмағандықтан, шабақтар сумен Үлкен теңізге қарай кетіп жатқан көрінеді. Ал нақты себептерін мамандар зерттеуден кейін айпақшы. Қырылып қалған балықтың саны белгісіз. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов: «Биыл Арал теңізіне құйылып жатқан судың мөлшері көп. Былтыр 2-2,5 миллиард текше метр болса, биыл екі есеге артық. Мұндай жағдай азды-көпті жыл сайын орын алады. Біріншіден, су көп болды. Екіншіден, су ыстық. Балық зерттеу институтының мамандары келіп өлшеп, судың ішіндегі кислородтың құрамын қарап шықты. Бір жерде көбірек, бір жерде азырақ.  Мұндай жұмыстар тосын, бүгін ғана болып жатқан жоқ. Соңғы рет бұдан да көп мөлшерде 2013 жылы болған.  Көкарал бөгетінде жедел түрде мелиоративтік шаралар ұйымдастырылып, шабақтарды құтқару шарасы мерзімінен бұрын басталды.  Күніне қазір орта есеппен 500 мың тонна майда балық көл-тоғандарға жіберіліп жатыр», — дейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз