*«Хабар» телеарнасына берген сұхбатында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев:
— «100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақстандықтар әлемнің дамыған елдерінің тарихын, білімін, философиясын, әдебиетін қазақ тілінде оқи алады. Біз қазір дүниенің өскен-өркендеген елдерімен тең боламыз деп жүрміз. 30 елдің арасына кіреміз десек, солардың тарихын, білімін, философиясын, әдебиетін қазақ тілінде оқуға мүмкіншілігіміз болады. Осындай оқулықтарды аударатын арнайы бюро құрылды. Қазір 17 оқулық баспаға дайындалып жатыр, — деді.

*ЭКСПO — 2017 көрмеcінің медиа орталығы: «20 тамызда сағат 23-00 кейін (Астана уақытымен) expo2017.astana.com сайты орналасқан серверге ауқымды Ddos-шабуыл жасалғаны тіркелді. Зиянкестер әртүрлі IP-мекенжайлардан бөлінген шабуыл арқасында үлкен жүктемені түрлендіре отырып (секундына 20 мың сұраудан астам), серверді істен шығаруға әрекет жасады», — деп хабарлады.

*Ұлттық банктің Twitter желісіндегі парақшасында: «ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 10,25 пайызға төмендету туралы шешім қабылдады”, — деп хабарлады. Бұған дейін банк 17 шілдеде базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізімен 10,5 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдаған болатын.

*Қазақстанда 2,5 миллион адам баспанаға мұқтаж. Сарапшылар: «Елімізде Еуропалық экономикалық комиссия стандарты бойынша тұрғын үйлер салу үшін Қазақстандағы тұрғын үй қоры алдағы 14 жылда екі есеге өсуі керек. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш орта есеппен 0,7 пайызға ғана көтерілген. 2017 жылы шілде айына дейін 6,2 миллион шаршы метр пайдалануға берілді, бұл көрсеткішті сақтап қалу үшін жыл соңына дейін кем дегенде 6 миллион шаршы метр пайдалануға берілуі керек», — дейді.

*ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов: «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің жобасында елімізді электронды кедендік декларациялауға толығымен көшіру қарастырылған. Енді кеден органдары деклара-ция толтырушыдан ақпараттық өзара әрекеттестік аясында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алынған құжатты сұрамайды. Егер өрескел ереже бұзушылық анықталмаса, Кедендік органдардың ақпараттық жүйесі лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз декларация шығарады. Бұл нормалар декларациялау процесін айтарлықтай жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді», — дейді.

*2017 жылы Қазақстандағы инфляция 7 айдың ішінде 3,8 пайызды құрады, бұл өткен жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен (5,2%-ға) төмен. Жылдық инфляция шілдеде 7,1%-ға дейін төмендеді, бұл азық-түлік нарығындағы ахуалдың тұрақтануына себепші болды. Жылдық инфляция 2017 жылға белгіленген 6-8% дәлізі шегінде тұр.

*Жарты жылда Қазақстанға 144,3 млн. долларға киім-кешек әкелінген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 0,7 пайызға төмен. Барлық импортты киімнің 80 %-ы Түркия, Бангладеш, Италия, Өзбекстаннан әкелінген. Аяқ-киім импорты 2 есеге ұлғайып, 108 млн. долларды құрады. Әйелдер киімі көбінде Түркия мен Қытайдан, ал ерлердікі Бангладештен әкелінеді. Балалар импортының 40%-дан астамы Бангладештен, 10 %-ы Қытайдан, 1 %-ы Италиядан тасымалданды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз