Түрксібтің толағай табыстары 

Салық:
2017 жылдық салық болжамы бойынша 69 024 474 мың тг. құрады, оның ішінде Республикалық бюджет — 45 513 231 мың тг, жергілікті бюджет — 23 511243 мың тг құрайды. Салық төлеушілерден 35 847 385 мың тг түсті. Оның ішінде Республикалық бюджет болжам бойынша — 20 884 717 мың тг, түскені — 22 044 695 мың тг. Жергілікті бюджет бойынша — 12 580 566 мың тг. Аудан бюджетіне салық төлеушілерден 13 802 690 мың тг түсті. 2017 жылғы 1 жартыжылдық бойынша аудан бюджеті 1 710 545 мың тг құрады, бюджеттік қаражатты игеру — 100 пайыз.
2017 жылға «Бизнестің жол картасы — 2020» бойынша жалпы сомасы 10,3 млрд. теңгені құрайтын 9 жобамен 7 кәсіпорын қатысады, оның ішінде субсидиялау сомасы 1,8 млрд. теңгені құрап, 656 жұмыс орны құрылды. 2017 жылдың 6 айы бойынша өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 128 пайызға артып, 58,5 млрд. теңгені құрады. Еңбек өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға артып, 1 211 мың теңгені құрады. 6 ай ішінде 2162 жаңа жұмыс орындары ашылды, жоспардан тыс — 2850. Оның ішінде 92-сі өнеркәсіп, 744-і сауда, 315-і көлік және байланыс, 30-ы білім саласы, 9-ы денсаулық сақтау, 256-сы құрылыс және 716-і басқалары. 2017 жылдың 6 айы ішінде инвестиция 23,3 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 104,2 пайызды құрайды. Өткен жылдың талдау кезеңімен салыстырғанда орташа айлық жалақы 158 418 теңге немесе 113,7 пайызға тең (2016 ж. 146,6 мың тг.).

Көріктендіру:
2017 жылдың жұмыс жоспарымен және бекітілген бюджеттік бағдарламасына сәйкес сомасы 2,078 млрд. теңге мемлекеттік сатып алу қызметіне бөлінді. «Алматы Қала Жарық» МКК мердігерлік ұйыммен ұзындығы 453 шақырым болатын 377 көшенің 13074 жарық нүктелеріне және сыртқы жарықтандыруды басқаратын 153 заманауи шкафтарға қызмет көрсетілді (сомасы 281,1 млн. теңге). Осы ұйым ұзындығы 89,8 км 42 қалалық және аудандық маңыздағы көшеге және 161 қоғамдық көлік аялдамасына, ұзындығы 90,869 км 34 көшеге жаяу жүргінші жолдарына санитарлық тазалық жүргізді. «АлматыДормеханизация» ЖШС қалалық және аудандық маңыздағы ұзындығы 89,136 км төменгі бөліктегі 83 көшеге, ұзындығы 23,453 км 14 көшеге жаяу жүргінші жолы және 39 қоғамдық көлік үшін аялдамалардың тазалығын қамтамасыз етті. Сомасы 15,1 млн. теңгені құрайтын Бас Қарасу өзен арнасының ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуде. «Эталон» ЖШС жергілікті маңыздағы ұзындығы 230,859 км 287 көшеге, сонымен қатар ұзындығы 27,778 км 41 көшеге жаяу жүргінші жолдарының тазалығын қамтамасыз етеді. Балаларға арналған саябақ, Сейфуллин атындағы саябағы, бөлу жолақтары және жалпы аумағы 48,2 га басқа да жасыл аймақтарға тазалық жүргізді. Сондай-ақ, сомасы 178,9 млн. теңгені құрайтын Сейфуллин атындағы саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. «Canly group» ЖШС Шолохов-Станкевич көшелерінің бойындағы жерасты өткелдері және Майлин көшесінің бойындағы жерүсті өткелдеріне тазалық жұмыстарын жүргізді. «Мир Нур Сервис» ЖШС 63 дана биодәретханалар орнатты. «Көріктендіру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша «Қазақ саңыраулар қоғамы» №3 Алматы оқу-өндірістік кәсіпорны ұзындығы 78,7 км 35 көшенің арық желісінің тазалығын қамтамасыз етеді. Осы кәсіпорын өткен жылы отырғызылған ағаштардың күтіміне қарайды (4410 ағаш); 8,6 га 11 саябақтың тазалығын қарайды; 16 300 дана ағаштарды түрге келтіріп кесті: жоспар бойынша 5600 дана, нақты орындалғаны — 4850 дана. «ЗаРаГранд» ЖШС 27,65 га жасыл желектерді қорғау жұмыстарын жүргізді. Жоғарыдағы кәсіпорын жоспар бойынша санитарлық кесу мен жасыл желектерді кесті (4000 дана), нақты орындалғаны — 2529 дана; жоспар бойынша құлату — 500 дана, нақты орындалғаны — 171 дана. 80 аула аумақтарына күрделі жөндеуге сметалық құжаттамалық жоспар әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталды. 1-і және 2-і кезең бойынша ұзындығы 16,3 км болатын 18 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 2,2 км болатын Б.Хмельницкий көшесін созу бойынша жұмыстар жалғасуда. Жұмыстың аяқталу мерзімі — 2017 жылдың желтоқсан айы.

Коммуналдық-тұрғын үй
шаруашылығы:
Ауданда 1146 көп пәтерлі тұрғын үйдің 118 үй бойынша кондоминиум рәсімделді, қазіргі уақытта 20 үйдің құжаттары дайын. 10 көп қабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары басталды (жоспар бойынша 23 үй). Тұрғындармен алдағы уақытта аталған бағдарламаға қатысу бойынша жиындар өткізілді. 80 ауланы жөндеу жұмыстары үшін жобалық-сметалық құжаттама жұмыстары жүргізілді. Сараптаманың оң қорытындысымен 1,2 млрд. тг алынды. Апта сайын жергілікті сенбіліктер өткізіледі. Жиналып шығарылған қоқыс 1192 м3. «Жас Қанат» шағын ауданында 5 қабатты 47 тұрғын үйде құрылыс жүгізілуде (1652 пәтер, аяқталу мерзімі: 2017 жылдың 1 шілде айы), сондай-ақ 9 қабатты 4 тұрғын үйге құрылыс жұмыстары жүргізілуде (288 пәтер, аяқталу мерзімі: 2017 жылы қыркүйек айы). Есепті кезең бойынша 33 951 м2 үй қолданысқа берілді (23,1 %). Осы шағын ауданда жалпы ұзындығы 22 км, сумен жабдықтау және кәріз желісіне жалпы сомасы 924,92 млн. теңгеге қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі: 2017 жылдың желтоқсан айы.

Әлеуметтік бағыт:
Түрксіб ауданында 27 703 зейнеткер тұрады, оның ішінде 56-сы ҰОС қатысушылары, ҰОС мүгедектері — 4, тыл еңбеккерлері — 2409, соғыста қайтыс болған жесірлер — 1, ҰОС қатысушыларға теңестірілгендер — 667, бұрынғы қоршаудағы Ленинградтың тұрғындары — 7, бұрынғы кәмелеттік жасқа толмаған концлагерь тұтқындары — 6, ҰОС қайтыс болғандардың жесірлері — 122. 296 жалғызбасты тұрғын, соның ішінде 51 мүгедектер және 245 қарт кісілер аудан әкімі аппаратының үй қызметіне №3 әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінде тіркелген. Аудан әкімі аппараты жыл басынан бері бөлімдермен, үкіметтік емес ұйымдармен бірге әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізуде. ҰОС, еңбек майданына қатысушылар, жалғызбасты және жалғыз тұратын азаматтар, аз қамтылған отбасыларға атаулы мерекелерге қарсы қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Аудан кәсіпорындары және ұйым жетекшілерімен жетім, мүгедектер, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға «Юный домостроитель» сауықтыру орталығына жыл сайынғы 200 балаларға арналған демалыс ұйымдастырылды. Қаңтар айынан бері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінен жалпы сомасы 42 775,039 мың тг 2 831 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді. Ем қабылдау мен сауықтыру демалыстарына жеңілдік жолдамаларын 300-ден астам зейнеткерлер алды. Аз қамтылған 5 отбасы жалпы сомасы 347 650 теңгеге атаулы әлеуметтік көмекке ие болды; 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға жалпы сомасы 2 828 640 теңге; 163 отбасыға (413 бала) мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалды; әлеуметтік көмек 1477 зейнеткерге 23 459 191 теңге төленді. Біржолғы әлеуметтік көмекті жалпы сомасы 7 351 776 теңгені 432 табысы төмен азаматтар алды; тұрғын үй көмегі бойынша 223 аз қамтылған отбасыларға жалпы сомасы 3 465 645 теңге төленді; мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытып отырған 76 отбасыға сомасы 1 037 221 теңге қаржылай көмек көрсетілді; орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын есепке алудың жеке аспаптары ыстық және суық сумен жабдықтауды сомасы 175 748 теңгеге 24 адам әлеуметтік көмек бойынша алды. Ай сайынғы әлеуметтік көмек ретінде 41 соғыс ардагеріне 2 327 864 теңге төленді; амбулаторлық емдеу кезеңінде туберкулезбен ауыратын 47 тұлғаға 1 781 304 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Аудандық жұмыспен қамту орталығына 1 229 жұмыссыз адам жүгінді (2016 жылы 1 211 адам), 733 адамға тұрақты жұмыс орнына тұруға көмек көрсетілді, соның 369-ы — жастар. Жұмыссыздық бойынша 316 адам есепте тұр. (2016 ж. 222 адам).

Білім беру саласы:
Аудан аумағында 28 жалпы білім беретін мектеп орналасқан. 2017 жылы ҰБТ-ға 477 бітіруші түлек қатысты, орташа балл — 98 (2016 жылы 94,32 балл). 16 бітіруші түлек «Алтын белгі» медаліне бітірді (2016 жылы — 11), ерекше үлгідегі аттестат 52 түлекке берілді (2016 жылы — 8). 61 мектепке дейінгі аудан мекемелерінде тәрбие және білім берумен 5907 балалар қамтылған, (2016 жылы 4855 бала). Соның ішінде: 22 мемлекеттікте — 4049 бала; 30 жекеменшікте — 1444 бала; 9 шағын орталықтарда — 414 бала. Ағымдағы жылдың маусым айында 35 орынға арналған «Бантик» балабақшасы ашылды. Қазіргі уақытта электрондық кезекте 2231 бала тұр.
Ауданда №20,106 мектептерінде, №71 мектеп лицейі, №162 мектеп гимназиясы, №9 қалалық емханаға, Алтай шағын ауданындағы туберкулезге қарсы диспансер мен №4 қалалық клиникалық ауруханасының ескі ғимаратына сейсмикалық нығайтуды қалпына келтіру жұмыстары мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Психоневрологиялық балалар үйіне 360 орынға құрылыс жүргізілуде, №4 перзентханаға қосымша корпус салынуда.

Денсаулық сақтау:
Ауданда 11 денсаулық сақтау мекемелері жұмыс істейді, 7 қалалық емханалар (№9, 13, 19, 20, 24, 28, 32 қалалық емханалар) және 4 станционарлық мекемелер (№4 қалалық клиникалық аурухана, аудандық тубдиспансер, №4 перзентхана, темір жолшылар ауруханасы). Жұмыс тобымен ауданның 49 кәсіпорындарына міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгені туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді (3222 адам қамтылды).

Мәдениет және
тілдерді дамыту:
2017 жылдың жартыжылдығы бойынша жалпы 20 300 адамды қамтыған 30 аудандық мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өткізілді. Оның 10-ы — 17 850 адамды қамтыған мемлекеттік және кәсіби атаулы мерекелер, 2250 адамды қамтыған 15 спорттық іс-шара, 200 адамды қамтыған 6 мемлекеттік тілді насихаттауға арналған.

2 жартыжылдыққа
арналған тапсырмалар:
– Түрксіб ауданының 80 аула аумақтарындағы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау;
– «Көгалдандыру және көріктендіру» бағдарламасы бойынша конкурстық рәсімдері мен жүргізілу жұмыстарын аяқтау;
– сомасы 92,8 млн. теңгені құрайтын Ян Гейл жобасы бойынша Жұлдыз ы.а. жаяу жүргіншілерге арналған ағымдағы жөндеу жұмыстары;
– сомасы 49,9 млн. теңгені құрайтын Р.Зорге көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған ағымдағы жөндеу жұмыстары;
– сомасы 35,6 млн. теңгені құрайтын Майлина көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған ағымдағы жөндеу жұмыстары;
– №49 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу және қалпына келтіру жұмыстарымен сейсмикалық күшейтуге жобалық-сметалық құжаттаманы түзе-ту жұмыстары, Алтай ы.а. отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға құрылыс жұмыстарын жүргізу;
– №61 мектеп ғимаратына жапсарлас құрылыстар жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз