ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің басшысы Бағдат Мусин өзінің Фейсбуктегі парақшасында: «Мен сәуір айында смартфонның бірқатар құжатты алмастыра алатындығын және бюджеттің үнемделген қаражатына әрбір азаматты смартфонмен қамтамасыз етуге болатынын жазған едім. Техникалық тұрғыда біз бүгіннің өзінде «Азамат» атты жаңа жоба қосымшасының арқасында жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, машинаға техникалық паспорт, техникалық байқаудан өткендігі туралы құжат, сақтандыру полисі сынды бірқатар құжаттан бас тартып, оларды үнемі өзімізбен бірге алып жүру қажеттігінен арыла аламыз. Барлық ақпарат шифрланған графикалық түрде (QR-код) болады. Оны оқитын құрал адам туралы барлық қажетті мәліметті ала алады. Азаматтар және билік өкілдері тарапынан цифрлық құжаттарға сенімді барынша арттыру мақсатында командамыз блокчейн технологияларының артықшылықтарын пайдалану бойынша жұмыстарға кірісіп кетті. «Азамат» қосымшасы алдағы жақын уақытта іске қосылады. Бірақ көпшілік қолданысқа енгізіп, қағаз құжаттарды алмастыру үшін заңнамалық негізде белгілі бір өзгерістер кіргізу қажет»,— деп жазды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз