ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін журналистерге криптовалюта нарығын бақылауға алу үшін тиісті шаралар жүргізілетінін айтқан ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев: «Елімізде криптовалюта бойынша жағдай күрделі. Соған байланысты көптеген дефинициялар бар.Бұл ретте халық та, журналистер де, кейбір ресми тұлғалар да шатасады. Сондықтан ҚР Ұлттық банкі осы мәселеге байланысты кешенді ұсыныстарды дайындап жатыр. Бұл жерде жеке тұлғаларға криптовалюта бойынша операцияларға шектеу қойылуы шарт. Себебі, мұнда алып-сатарлықтың қаупі бар. Бұл реттеуге келмейтін нарық. Егер азаматтар ақшасын жоғалтса, оған өздері жауап береді. Елімізде мұндай жағдайлар болса, адамдар мемлекетке келетіні түсінікті. Сондықтан біз тиісті шараларды жүргізуіміз қажет. Қазақстанда сенімді криптовалюта жоқ. Себебі, оларда бірыңғай эмиссиялық орталық жоқ. Бұл процеске кім жауап беретіні белгісіз. Сондықтан біз осы мәселеге байланысты жалпы позицияны қалыптастырып жатырмыз. Бұл мәселеде Қазақстан үкіметінің пікірі қажет. Себебі, заңға өзгерістер енгізілмей, бұл салада ешқандай идея жүзеге аспайды»,— деген мәлімдеме жасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз