Орталық Азияның жаңалықтар қызметі: «Түркия Қазақстандағы түрік лицейлерінің мұғалімдерін ислам дінін уағыздаушы Фетхуллах Гюленмен қатысы бар деп айыптап, елге қайтаруды талап етіп жатыр»,— деген хабар таратты. Қазақстан президенті осыған дейін мұғалімдерді Түркияға бермейтінін мәлімдеген. Бірақ соған қарамастан түрік билігі оларға босқын мәртебесін бермеуді талап етуде. Тамыз айында миграциялық қызмет өкілдері ағарту-инновациялық лицейдің Түркиядан келген мұғалімі Осман Демирелдің үйінің есігін қағып, одан қыздарының мерзімі өтіп кеткен құжаттарын сұраған. Осы уақытқа дейін Қазақстандағы Түркия елшілігі құжаттардың мерзімін ұзарту туралы өтініштеріне құлақ аспай келеді. Заңгер Әлібек Смаилов: «Түркиядан келген мұғалімдер Қазақстан тарапынан өздеріне босқын мәртебесін беруді сұраған күннің өзінде, олардың бұл өтініштері қанағаттандырыла қоюы екіталай»,— дейді. Миграциялық қызмет болса, азаматтардың өздерін елінде қудалап жатқаны жөніндегі құжаттары жеткіліксіз деген уәжді алға тартады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз