Ресейдегі стратегиялық жобалар орталығы кеңесінің төрағасы, бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин елде күшіне енген «шетел агенті» туралы заңды сынап, бұл заңның БАҚ-қа қолданылатынына өкініш білдіре келіп: «Ресей басшысы Владимир Путин қол қойған «шетел агенті» — БАҚ туралы заңы «шамадан тыс қатаң». Көптеген коммерциялық емес ұйымдар «шетел агентіне» жатқызылған»,— деп мәлімдеді. Заңға қол қойылғаннан кейін жариялаған мәлімдемесінде АҚШ Сыртқа хабар тарату кеңесінің басшысы Джон Лэнсинг Америка медиа-компаниялары Америка заңында бекітілгендей халықаралық аудиторияға, соның ішінде Ресейге де ашық, объективті және толық ақпарат беру туралы өзінің миссиясына адал болып қалатынын жариялаған. Ал Азаттық радиосы корпорациясының президенті Том Кент сенбі күні корпорацияның Ресейдегі жобалары қандай шектеулерге ұшырайтыны туралы нақты ақпарат алмайынша, жаңа заңның тиімділігін бағалау мүмкін емес екенін мәлімдеген. Том Кенттің мәлімдемесінде: «Біз өзіміздің орыстілді аудиторияға нақты және объективті ақпарат берудегі журналистік жұмысымызды жалғастыра береміз»,— делінген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз