Ақорданың баспасөз қызметі: «Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың ССТV телеарнасына сұхбат берді. Мемлекет басшысы сұхбат барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бағдарламаларының тоғысу аясындағы екіжақты ықпалдастыққа қатысты сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтары туралы айтып, Шанхай ынтымақтастық ұйымын одан әрі дамыту жөнінде ой бөлісті»,— деп хабарлайды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев әлгі сұхбатында терроризмге қарсы күрес жүргізу және өңірдегі тұрақтылықты сақтау мәселелеріне қатысты мемлекетаралық серіктестікті нығайту қажеттігін атап өткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.