Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында «Рухани жаңғыру» аясында «Әніңмен тербет мені» атты Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған сайыс өтті. Ұйымдастырушылар: Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.  Шара мақсаты: жастарға Мұқағали өлеңдерін насихаттау,Отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу, қазақ тілі аясын кеңейту.

Сайыс қорытындысы бойынша I-орынды Маңғыстау политехникалық колледжі алса, II-орынды Серікбол Қондыбай атындағы №22 орта мектебі алды. III-орынды Исатай Сүйеубаев атындағы №8 орта мектеп иемденді.

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының мүшелері  де сайыстан тыс ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып берді.

Жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен марапатталды.

 

Нұргүл Махсетова,

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ мониторинг бөлімінің маманы

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз