Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Конституция күніне орай Ақмола облысында біршама салтанатты шаралар өтті. Облыс орталығы Көкшетауда «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы басталып, 200 отбасыға пәтер кілті табысталды. Сонымен қатар, облыстың аудандары мен қалаларында 20-ға жуық әлеуметтік-мәдени, спорттық және өндірістік нысандар пайдалануға берілді.
Конституция күніне орай Көкшетауда «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы өтті. Шара басында Көкшетаудың ең биік нүктесі «Бұқпа» тауының төбесінде орнатылған ту тұғырға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы жайғастырылды. Бұдан кейін Тәуелсіздіктің символы ел байрағы , ел азамттарына асқақ рух сыйлап 100 метр биікте желбіреп тұратын болды. «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясының салтанатты шарасына қатысқан өңір басшысы Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйлеп, он жас ақмолалыққа жеке куәліктерін тапсырды. Мерекелік шара «Абылай хан» алаңында жалғасып, әкім Ермек Боранбайұлы полиция, өрт сөндірушілер, орман қоғалушылар және коммуналдық қызметтерге арналған арнайы техникалар мен автокөліктердің кілттерін тапсырды.