Газет көтерген мәселе. КӨКЖИДЕ ПРЕЗИДЕНТТЕН АРАША СҰРАЙДЫ

Газет көтерген мәселе. КӨКЖИДЕ ПРЕЗИДЕНТТЕН АРАША СҰРАЙДЫ

Ақтөбелік белгілі белсенді Ардақ Мұғалқызы Көкжиде жер асты суларының тағдырына алаңдап, көп жылдардан бері осы өзекті тақырыпты кеңінен көтеріп келе жатқан азаматшалардың бірі.

«УПВ (су дайындау қондырғысы) зауытының негізгі мақсаты – мұнаймен бірге шығатын лас суды тазалап, жұмсартып, оны қайтадан өндірістік мақсатқа жарамды күйге келтіру. Бұл зауыт Көкжиде жер асты ауызсуын өндірістік қажеттілікке пайдалануға жол бермеу үшін, жергілікті халықтың наразылығынан кейін салынған болатын.

Зауыт 2024 жылдың қараша айында іске қосылды. Тәулігіне 3000 м³ су дайындай алатын зауыт. Алайда СНПС компаниясы зауытты 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтатуды жоспарлап отыр. Егер бұл шешім жүзеге асса, Көкжиде жер асты ауызсуын қайтадан техникалық өндіріске пайдалану қаупі туындайды. Сонымен қатар, зауытта еңбек етіп жүрген 40-қа жуық адамның жұмыссыз қалу қаупі бар.

Бұл зауыттың жабылу мақсаты – химияға көп шығын кетуіне байланысты, сол себептен инвесторлар тарапынан үнемдеу жасап, тікелей Көкжидеден суды алайын деп жатыр.»

УПВ жұмысшылары амалдары құрығандықтан Президент Қ. К. Тоқаевқа үндеу жолдап отыр.

2023 жылы көптеген арыз-шағымдардың әсерінен осы зауыт салынады.

Көкжиде жер асты ауызсуын өндірістік салаларға пайдаланбау үшін экологиялық жоба ретінде салынған еді.

Тәулігіне 100 м³ тазартылған, жұмсартылған су беріп келеді. Сөйтіп, өзінің тиімділігін дәлелдеді. Аталған нысан Көкжиде жер асты ауызсуының ультратаза суларын өндірістік мақсатқа пайдалануын едәуір азайтты. Табиғи су ресурстарын қорғауға нақты үлес қосып келеді. Қазіргі уақытта 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтату туралы сөз қозғалып жатыр.

… Мемлекет басшысы табиғи ресурстарды, әсіресе су қорларын сақтау мен тиімді пайдалану стратегиялық маңызын бірнеше рет атап өткен болатын. Су – халықтың болашағы мен қауіпсіздіктің маңызды бір бөлігі.

Көкжиде су қорының ластануына алаңдап, өздерінің жанайқайларын ел басшысына арнаған жолдауды қолдап, өз тарапымыздан айтар болсақ, «Qazaqstan dauiri» басылымында бірнеше мақала жарияланды:

«Көкжиде араша сұрайды» (25.02.25 ж.), «Көкжиде тағдыры қыл үстінде ме?» (07.11.25 ж.), «Көкжиде жырының бітер күні бар ма?» (06.09.25 ж.), «Су алтыннан қымбат екенін неге ескермей жүрміз?» (30.01.26 ж.), «Азамат Байтілеуұлы: Ел мен жердің қазынасына немқұрайлы қарау – қылмыс» (08.04.26 ж.).

Президент Тоқаев та Көкжиде жер асты суына байланысты 2025 жылдың сәуір айында Үкімет жиынында айтқан еді. Содан бері жылдан асып барады. «Баяғы жартас – сол жартас» болып тұр.

Каспий теңізінің тартылуына байланысты жиындар өткізіліп жатыр. Арал теңізінің деңгейін қалай көтеруге болады деген тақырыпта да келелі жиындар өткізіліп жатыр.

Дүние жүзінде ауызсудың қадір-қасиетін сезініп келе жатқан кезде, Көкжиде сияқты бірегей су қоймасының тағдырына неге немқұрайлы қараймыз?!

«Жаман үйді қонағы билейді» демекші, СНПС-ді құтыртып отырған қандай күштер екен? Шетелдік компаниялардың бассыздықтарын қашанғы көтеруге болады?

Кеңқияқтағы УПВ жұмысшыларының жанайқайлары ескерусіз қала ма? Бұған тиісті орындар не дейді екен?

Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ

 

02.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26159
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25610
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43002
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38811
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43404