11,1 МЫҢ ТОННА ШЕКЕР ӨНДІРІЛДІ

11,1 МЫҢ ТОННА ШЕКЕР ӨНДІРІЛДІ
Қант қызылшасы - елімізде қант алуға арналған негізгі шикізат және оның өндірілу деңгейі елдің азық-түліктік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Бұл қайта өңдеу тұрғысынан барынша сұранысқа ие дақылдың бірі болғандықтан, биыл жамбылдық шаруалар 5,5 мың гектарға қант қызылшасын отырғызды. Бүгінгі күні бұл алқаптардан 173,1 мың тонна тәтті түбір жиналып, өткен жылмен салыстырғанда 45,8 мың тоннаға артты және әр гектардан алынған орташа өнім 415,7 центнерді құрады.
- Өте пайдалы әрі табысты іс. Неғұрлым ерте ексең, өнім де мол болады. Бұл өсімдік 5 градус суыққа дейін төзеді. Оның үстіне мемлекеттен жан-жақты қолдау бар. Биыл 900 гектарға балтамыр егіп, әр гектарынан 600 центнерден өнім алуға қол жеткіздік. Келесі жылы егіс көлемін ұлғайтуды көздеп отырмыз, - дейді «Қызылша жер» ЖШС-нің бас директоры Амангелді Аяғанов.
Айта кету керек, облыс бойынша жиналған өнімнің 117,1 мың тоннасы қант зауытына өткізіліп, одан 11,1 мың тонна шекер өндірілді.
Биыл қант қызылшасына берілетін қолдаудың көлемі тоннасына 30 мың теңгені құраса, оның 15 мың теңгесі қант зауытынан, қалған 15 мың теңгесі мемлекет тарапынан төленді. Қазіргі уақытта 80 шаруашылыққа 1 504,3 млн. теңге субсидия берілді.
Ал, 2023 жылы қант қызылшасына берілетін мемлекеттік қолдау 40 мың теңгеге жетеді. Яғни, қант зауыттары төлейтін сома 15 мың теңге, мемлекеттің қолдау қаржысы 25 мың теңгені құрайды. Осылайша тәтті түбір алқабын 10,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Тәжірибелі шаруашылықтар әр гектардан 800 центнерге дейін өнім алатын жаңа технологияларды қолданса, қант зауыттары жұмысты дұрыс ұйымдастырып отырған барлық шаруалардың 65-70 пайызын тұқыммен қамтамасыз етеді.
Жалпы қант қызылшасы алқабының көлемін арттыру, бірінші кезекте өз-өзімізді шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл әлбетте сырт елге тәуелділіктен арылтады. Президенттің жергілікті билікке қойған міндеті де осыған саяды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 250
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 383
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 381
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 611
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 554

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9256
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8652
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11879
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9650
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10861