Қызылжар өңірінде мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң жалпы ауданы 549,6 мың гектарды құрайды, оның iшiнде орманмен қамтылған аудан – 442,2 мың гектар.
Екпелердiң тұрақтылығын сақтау және арттыру, олардың өнiмдiлiгiн ұлғайту, дiң зиянкестерiнiң санын азайту, орман ауруларының инфекциялық фонын кеміту мақсатында санитариялық-сауықтыру iс-шаралары жүргiзiледi. Iс-шараларды өткiзу мерзiмдерiн таңдау сүрекдiңдердiң нақты санитарлық жай-күйi негiзiнде жүзеге асырылады.
Санитарлық-iрiктеп кесу тұрақтылығы бұзылған екпелерде жүргiзiледi, онда кеуiп бара жатқан қураған және ауру ағаштар жиналады.
Санитарлық-жаппай кесу санитарлық-iрiктеп кесу екпелердi сақтай алмаған учаскелерде тағайындалады.
Ақ қайыңдар мекені атанып жүрген Солтүстік Қазақстан облысында тұрақты орман тәлімбағын ұйымдастыру жоспарлануда.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов брифингте 28 гектар алқапты құрайтын тәлімбақ Есіл ауданының аумағында, Явленки ауылының маңында орналастыратынын хабарлады. Оны ұйымдастыруға 284 млн теңге қажет. Бұл қаржы түрлі жабдықтар мен көліктер сатып алуға, электрмен жабдықтауға, қызметкерлерді ұстауға жұмсалады.
Облыс бойынша 2021-2025 жылдар аралығында 100 мың гектар жерге 20 млн көшет отырғызылмақ. Бүгінде 2,5 мың гектарға орман өсіріліп, 10 миллионнан астам көшет отырғызылды. Биыл отырғызу көлемі үш есеге артады – 4,1 мың гектар алқапта 23,1 млн көшет бой түзейді.