2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ҮЛЕСІН 40 %-ҒА ДЕЙІН АРТТЫРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ҮЛЕСІН 40 %-ҒА ДЕЙІН АРТТЫРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана», – дейді белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев. Дәуірлер алмасып, уақыт жылжыса да бұл сөздің маңызы жоғалған жоқ. Сол себепті мемлекеттік бағдарламалардың кітап оқитын қоғам қалыптастыруды мақсат етуі – ел дамуы жолындағы негізгі қадамдардың бірі. Кітап оқу – ұлттық құндылықтарды сақтау, адамзат баласының ой-өрісін кеңейту сынды жетістіктерге жетелейтіні белгілі. Елімізде «Ұлттық рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асырудың бір тармағы ретінде «Оқитын ұлт» жобасы қолға алынған болатын.

2021 – 2025 жылдарға арналған «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасына сәйкес «Оқитын ұлт» жобасының нәтижесінде 2025 жылға дейін оқырмандардың үлесі 40 %-ға дейін арттыру жоспарланған (2021 – 25%, 2022 – 28%, 2023 – 31%, 2024 – 35%, 2025 – 40%). 2021 жылдың қорытындысымен өңірімізде «Оқитын ұлт» жобасының көрсеткіші 25,1%, 2022 жылы 28 %-ға орындалды.
Жоба аясында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы, «Әдеби өлкетану, «Нағыз оқитын кез» іс-шаралар кешені ұйымдастырылып, «Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы» ақпараттық жүйесін жетілдіру, модификациялау және оған мобильді қосымшалар арқылы еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2021 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 363 іс-шара ұйымдастырылып, олар 7114 оқырманды қамтыды. «Әдеби өлкетану» бағытындағы 369 іс-шарада 7232 адамды қамтыды, «Нағыз оқитын кез» бағыты бойынша 13896 іс-шараға 272361 оқырман қатыстырылды. Жалпы іс-шаралар саны 14265 құрап, оған 286 700-ден астам өңір тұрғыны қатысты.
2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің бірі А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ғалымның шығармашылығына арналды. Акция аясында 569 іс-шара ұйымдастырылып, 11655 адам қамтылды.
«Әдеби өлкетану» жобасы аясында Әулиеата өңірінде дүниеге келген шығармашылық зиялы қауым өкілдерін қолдау, жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында «Өлкелік туризм», «Жазушымен бір күн» акциялары, «Әлемді кітап арқылы танимын», «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» облыстық байқаулары және т.б. шаралар іске асырылып, жыл басынан бері 684 іс-шараға 12258 адам қамтылды.
«Нағыз оқитын кез» бағытында букроссинг акциялары, кітап фестивальдері, квест ойындар, т.б. форматтарда іс-шаралар өткізіліп, 13569 мәдени-көпшілік іс-шараларға 257560 оқырман тартылды.

 

Жадыра ҚҰТТЫБАЕВА облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Мәдениет және өнер» бөлімінің бас маманы
31.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 75
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 78
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 545
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 492

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9196
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8593
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11821
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9590
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10804