Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2023 жылы 30-ға жуық жобаны іске қосуды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Атап айтқанда өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы кәсіпорындар, білім беру саласындағы 5 нысан, оның ішінде мектептер мен балабақшалар, сонымен қатар логистика саласындағы 4 жоба және спорт кешендері жақын арада шаһар халқына қызмет етпек. Қала әкімі жеке инвестициялардың жалпы сомасы 118 млрд теңгеден асып, 2 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылатындығын жеткізді. Жұмыс барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен бірге №1 индустриялық паркке барып, бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Олардың қатарында modex модульдік үй құрылысы зауыты, мамандандырылған техниканы құрастыру зауыты, витраждар, терезелер, бал жабдықтары, жиһаз, респираторлар шығаратын зауыттар бар. Осылайша, Қазақстанда отандық өнімнің артуы, тұтынушыдан сұраныстың бар екендігінің дәлелі емес пе? Тек оны қолдайтын мемлекет болса...