367 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылған

367 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылған

Жамбыл облысында  2025 жылға дейін 74 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нохрабеков айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайхановтың төрағалығымен өткен кеңесте басқарма басшысы салада атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Руслан Нохрабековтің айтуынша, облыста бүгінгі таңда 367 ауылдық елді мекеннің 150-і жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген. Облыстағы барлық 371 елді мекеннің 72-сі – 2G, 140-ы – 3G төмен жылдамдықты мобильді интернетімен қамтылған. 5 елді мекен мобильді байланысқа қосылмаған.

– 186 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілмеген. Осыған орай, 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету бойынша әзірленген Жол картасына сәйкес 74 елді мекенде қосу жұмыстары жүзеге асады, – деді Руслан Нохрабеков.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлануда, аталған жобаға 119 елді мекен ұсынылды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.

Aqjol Aqparat
29.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 228
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 363
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 364
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 595
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 538

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9241
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8638
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11864
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9635
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10846