400 млн доллардан аса қаржы қайтарылды

400 млн доллардан аса қаржы қайтарылды

Қазақстанға қаражат пен активтерді қайтаруға қатысты жағдайға пікір білдірген Бас прокурор Берік Асылов: «Бұл мәселе бойынша жұмыс тек ел ішінде ғана емес, шетелде де жүргізіліп жатыр. Мысалы, комиссия жұмыс істеген бес ай ішінде мемлекетке залал өтелді және жалпы сомасы 630 миллиард теңгеден аса активтер қайтарылды, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 400 миллион доллардан аса қаражат қайтарылды. Атап айтқанда, Лихтенштейннен 170 миллион доллардан аса, Гонконг пен Біріккен Араб Әмірліктерінен 3 миллионға жуық доллар, ал алыс шет елдерден құны шамамен 230 миллион доллар болатын зергерлік бұйымдар қайтарылды. Қылмыстық активтерді қайтару бойынша жұмыс осында заңсыз әрекеттерді анықтаудан басталғаны анық. Шетелдегі активтерді Қазақстанның пайдасына тәркілеу – өте ұзақ процесс. Өйткені, шетелдік әріптестеріміз мүлікті «тыйым салуды сұраймыз» деген өтінішіміз негізінде ғана бұғаттай алмайды. Егер бүкіл тізбекті дәлелдемесек – ұрлау немесе басқа да қылмыс дерегін анықтау, оффшорлық аймақтарды қоса алғанда, ұрланған қаражатты шетелге шығару, осы қаражатты белгілі бір нысанды алуға төлеу, онда бұл мүлікті тәркілеуден де, қайтарудан да бас тартылады. Осылайша, алдымен заңсыз кіріс анықталады, содан кейін соталды тергеу, содан кейін – сот, кейін – сот шешімі; егер сот активтің заңсыздығын мойындап, оны тәркілеу туралы шешім шығарса, сонда ғана Бас прокуратура қамауға алу туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жібереді, оны істің егжей-тегжейі және барлық дәлелмен растайды. Бұл өте ауыр және қиын процесс екенін түсіну маңызды», – деді. 

 

Ермек Сахариев
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 113
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 310
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 304
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 927

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9000
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8395
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11621
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9378
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10604