Елорда әкімдігі аулалар мен қоғамдық кеңістікті абаттандыруға ерекше көңіл бөледі. Қалада құрылыс салумен қатар, қаланы дамыту, барысында «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары бойынша экологиялылық қағидатты ескере келе, астананың жасыл белдеуінде және барлық ауданындарда ағаштар отырғызып, көрікті жерлерде жасыл «аралдар» жасау жұмыстары жүргізілуде. Жаппай көгалдандыру экологияны жақсартуға және қала тұрғындарының уақытын тиімді өткізуге арналған орындарды құруға, сонымен қатар елорданың климаттық жағдайын жұмсартуға мүмкіндік береді.
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша бүгінде «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарының аясында 500-ден астам аула мен қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылды. Аула мен балалар алаңдарын абаттандырумен қатар, былтырдан бастап қараусыз қалған көпір асты кеңістіктері Триатлон паркінің жанында және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанында стритбол алаңдары, скейт аймақтары, қоғамдық өнермен нағыз тартылыс нүктелеріне айналды. Елорданың дизайн-кодын қолдана отырып, «Адамдарға арналған қала» тұжырымдамасының қағидаларын пайдалану кезінде жаяу жүргіншілер белсенділігін ынталандыру үшін «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілер көшелері және «Театральный» бульвары құрылды. Жаяу жүргіншілердің жаңа көшелерін ұйымдастыру Нұр-Сұлтанның тарихи орталығындағы қоғамдық кеңістікті жандандыруға түрткі болды және маршрутты қалалық жағалаумен байланыстырды. Сондай-ақ, Есіл өзенінің жағасындағы саябақ абаттандырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты насихаттау жөніндегі тапсырмасына сәйкес биыл Студенттер саябағында «NS street life» көше спортының колизейі орнатылды, онда түрлі жарыстар өткізіледі. Жақында «Атырау» көпірінің және «Ататүрік» атындағы саябақтың астына жаңа скейт-алаңдар салынды. Есіл өзенінің жағасында Сарайшық көшесіндегі көпір маңындағы Триатлон-саябақта бассейндері бар жасанды жағажай салынды. Ол өзенге қарайтын оқшауланған тақтай аралында жабдықталған.
Аулаларды абаттандыру кезінде Президенттің тапсырмасы бойынша көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл елордада 1 миллионнан астам жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер) отырғызылды. Естеріңізге сала кетейік, Триатлон-парк маңында биыл жөке ағашы мен сирень бұталары отырғызылды. Осылайша, елордада сирень мен емен бағы пайда болды. «Астана Опера» театрының іргелес аумағына 1000 түп бөртегүл мен 700 емен отырғызылды.
Елорда әкімдігі ғимаратының алдындағы орталық алаңда қалалық сквер де пайда болды. Бұл учаскеде бұталар мен гүлдер отырғызу жоспарланған ландшафт аралдары құрылады.
Былтыр Нұр-Сұлтанда 76 гектардан астам жер абаттандырылып, 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылды. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарына сәйкес 2021 жылы жалпы алғанда 190-нан астам аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды.