60 жастан асқан 571 азамат "Pfizer" екпесін ектірген

60 жастан асқан 571 азамат "Pfizer" екпесін ектірген

Бүгінде өңірде өкпеден қысқан індетке қарсы екпе егу шаралары өз жалғасын табуда. Бастысы тұрғындар, ата-аналар мен жасөспірімдер екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізуде.

Аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтың айтуынша, өңірге "Pfizer" екпесінің 17790 дозасы жеткізілсе, оның 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге  бірінші компонентінің 7672 дозасы, екінші компонентінің  4162 дозасы егілген. 

Ал бала емізетін аналардың 1170-сі бірінші компонентті, 781 екінші компонентті салдырған. Жүкті әйелдердің  418-і бірінші компонентті, 290-ы екінші компонентті қабылдаса, ревакцинациядан  216 ана өткен.

Сонымен қатар 60 жастан асқан азаматтардың 571-і  "Pfizer" вакцинасын ектірген.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, екпе - індеттен құтылудың жалғыз тәсілі.

 

Ал, коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында "Pfizer" екпесінен бөлек, «QazCovid-In», «СпутникV», «Sinopharm» екпелері қолданылуда.

Аурухананың иммунолог дәрігері Жадраш Тотаеваның айтуынша, қазіргі таңда бірінші компонентті 39386 адам, екінші компонентті 37489 азамат қабылдаса, ревакцинадан 15596 адам өткен.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
28.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.01.2025 84
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 20.01.2025 63
Жамбыл облысында 600-ден астам мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 20.01.2025 34

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 13322
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12163
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15405
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14331
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19365