8 млрд долларлық экспорт келісімін жасады

8 млрд долларлық экспорт келісімін жасады

5 мамыр күні Түркияның Стамбул қаласындағы «Istanbul Expo Center»-де «SAHA 2026» халықаралық қорғаныс және авиация көрмесі ашылған болатын. Көрмеге 120-дан астам елден 263 халықаралық компания, сондай-ақ 30 мыңнан астам сала мамандары мен жалпы саны 1700-ден астам компания қатысқан еді. 

Бұл көрмеде түркиялық компания дайындап жатқан құрлықаралық баллистикалық зымыранның үлгісі де көрсетіліп, жұрт назарын аударған еді. Соңғы жылдары Түркияның қорғаныс өнеркәсібі саласындағы жетістіктері әлем назарын өзіне аударды. Мұның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының танымалдылығы алға озғаны мәлім.

Түркия медиалары «SAHA İstanbul» директорлар кеңесінің төрағасы Халук Байрактар «SAHA 2026» халықаралық қорғаныс және аэроғарыш көрмесінің алғашқы үш күнінде түрік компаниялары шамамен 8 млрд доллар көлемінде экспорттық келісімшартқа қол қойғанын хабарлады.

Байрактар жұма күні «X» платформасында жасаған мәлімдемесінде: «Осы мақтанышқа толы жетістікке үлес қосқан «SAHA İstanbul» ұйымының барлық мүшелерін шын жүректен құттықтаймын. «SAHA 2026» көрмесінде еліміз тарихи рекордқа қол жеткізді», – деді.

Түрік компаниялары 5-9 мамыр аралығында «İstanbul Expo Center»-де өтіп жатқан «SAHA 2026» көрмесінде өздерінің ең жаңа әрі озық өнімдерін таныстыруда. Іс-шараны Түркия мен Еуропадағы ең ірі қорғаныс, авиация және ғарыш өнеркәсібі кластері ұйымдастырып отыр.

Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі компаниясының (TEI) бас директоры Махмут Фарук Акшит компанияның жаһандық авиациялық жеткізу тізбегіндегі рөлін кеңейтіп жатқанын және сонымен қатар отандық қозғалтқыш өндірісін дамыту жұмыстарын жеделдеткенін айтты.

Стамбулдағы «SAHA» халықаралық қорғаныс көрмесінде «Анадолы» агенттігіне берген сұхбатында Махмут Фарук Акшит «TEI» компаниясының авиация саласында Түркия үшін стратегиялық маңызы бар қозғалтқыш технологияларын өндіру және бөлшектер мен модульдер жасау арқылы халықаралық авиациялық қозғалтқыш бағдарламаларын қолдау сияқты екі негізгі міндет атқаратынын атап өтті. Акшиттің айтуынша, компанияның негізгі қызметтерінің бірі – бөлшектер мен модульдер өндіру, әрі «TEI» экспорты тұрақты түрде өсіп келеді.

Ол өткен жылы экспорт көлемі жарты млрд долларға жақындағанын және өндірілген бөлшектердің 50-ден астам әртүрлі қозғалтқыш бағдарламасында қолданылғанын айтты.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
14.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 18
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 19
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 22
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 17

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25118
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24641
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42063
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37927
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42397