Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрындағы «Ұлы Жібек Жолы» балетінің премьерасы

 Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрындағы «Ұлы Жібек Жолы» балетінің премьерасы

2025 жылғы 29 және 30 қарашада, 18:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры екі бөлімді «Ұлы Жібек Жолы» балетінің премьерасын ұсынады. Композитор – Әйгерім Еркебаева.  Идеяның авторы, концепция, либретто және хореографияны жасаған – Абай атындағы ҚазҰОБТ балет труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Түткібаева.

«Ұлы Жібек Жолы» балеті – цифрландыру кең тараған, адамдар бір-бірінен алыстап, рухани байланыс әлсіреген заманда махаббатты, руханиятты және адам жанының шынайылығын іздеу туралы философиялық притча.

Пролог көрерменді технология үстемдік құрған болашаққа жетелейді. Мұнда адамдар оқшау өмір сүріп, өзара байланыстан айырылған. Тек бір ғана жас жігіт шынайы сезімге деген ұмтылысын жоғалтпаған. Оның ақсақалмен кездесуі оны терең тарихқа — Ұлы Жібек жолының дәуіріне бастап барады.

Бірінші акт тарихи Шығыстың көріністерін тірілтеді: керуен-сарай, қарбалас базар, түрлі елдер мен мәдениеттерден келген саудагерлер. Осы әлемнің ортасында жас жігіт Ақсуңқармен — нәзіктіктің және жарықтың символымен жолығады. Олардың сезімі ояна бастайды, бірақ айна сатушы венециялық көпес — иллюзияны бейнелейтін образ — қызды өзіне ертіп, оны сиқырлы ұйқыға батырады.

Екінші актте кейіпкер құтқару жолына аттанады. Сынақтардан өтіп, даналыққа және рухани жаңаруға бет бұрған ол иллюзиямен айқасады. Жеңіс оған махаббаттың күшін береді, бірақ Ақсуңқар ғайып болып, оның жүрегінде тек нұр қалдырады.

Финалда жас жігіт болашаққа қайта оралады: енді оның ішкі жарығы айналасындағылардың жүрегін жылытып, суық қала біртіндеп жандана бастайды.

Қатысушылар мен орындаушылар (29 қараша):

Жас жігіт - СЫРЫМ АЮПОВ

Ақсұңқар - ЖАНЕЛЬ ТҮКЕЕВА

Венециялық саудагер - АРХАТ ӘШІРБЕК

Бас монах - АҚЫЛ ЖУАС

Азғырушы- ӘДИЯ МАНАБАСОВА, ТОМИРИС АҚЫН, МЕРУЕРТ САТОВА

Ақсақал - ДӘУРЕН ЖЕҢІС

Дәмдеуіштер биі - НАРГИЗ МИРСЕИДОВА, АЙШОЛПАН ЖАҚСЫЛЫҚОВА, АЙЖАН БЕЙСЕМБИНОВА

Рубиндер - ДИНАРА КҰДАБАЕВА, РИЗА ТАҒАНОВА, АО ИВАСАКИ, ГҮЛБАРШЫН ҚАСАБОЛАТ, ВАРВАРА ПОНОМАРЕНКО

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі және балет труппасы

 

Қатысушылар мен орындаушылар (30 қараша):

Жас жігіт - АРХАТ ӘШІРБЕК

Ақсұңқар - АҚБОТА БЕКБОЛАТОВА

Венециялық саудагер - ЕЛДАР ӘБІЛОВ

Бас монах - АҚЫЛ ЖУАС

Азғырушы - ӘДИЯ МАНАБАСОВА, ТОМИРИС АҚЫН, МЕРУЕРТ САТОВА

Ақсақал - ДӘУРЕН НҰРЖАНОВ

Дәмдеуіштер биі - НАРГИЗ МИРСЕИДОВА, АЙШОЛПАН ЖАҚСЫЛЫҚОВА, АЙЖАН БЕЙСЕМБИНОВА

Рубиндер - ДИНАРА КҰДАБАЕВА, РИЗА ТАҒАНОВА, АО ИВАСАКИ, АМИНА БАТАЕВА, АЖАР ЭРГЕШОВА

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі және балет труппасы

 

Қойылымдық топ:

Қоюшы-балетмейстер – Гүлжан Түткібаева, Қазақстанның халық әртісі

Қоюшы-дирижер – Қуаныш Исмаилов

Дирижер - Қанат Омаров

Қоюшы-суретші және костюм бойынша суретші - Александра Рычкова

Жарық бойынша суретші - Татьяна Мишина «Алтын маска» сыйлығының лауреаты (Мәскеу қ., Ресей) 

Видеоконтент бойынша суретші - Марат Сағадинов

Балетмейстердің ассистенттері - Гүлвира Құрбанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Руслан Кадыров, Олжас Маханбеталиев

 

26.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20295
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20127
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35243
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33811
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37653