Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрындағы «Жарқанат» опереттасының премьерасы

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрындағы «Жарқанат» опереттасының премьерасы

20 және 21 желтоқсан күні сағат 18:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Иоганн Штраустың «Жарқанат» опереттасының жаңа қойылымын ұсынады. Опереттаның сюжеттік желісі — адал жардың опасыздық жасаған күйеуінен есе қайтару туралы шешімінен бастау алады. Ол жарқанат маскасын киіп, бетперде-балға барады. Сол жерде оның сымбатына барлық ер-азаматтар, тіпті өз күйеуі де тәнті болады, алайда ол оның жоспары туралы мүлде білмейді.

Иоганн Штраустың «Жарқанаты» – отбасылық қарым-қатынас, сүйіспеншілік пен қызғаныш, қуаныш пен өкініш туралы туынды. Оқиға соңында кейіпкерлер өз қарым-қатынастарын қайта қарап, жаңа деңгейге көтерілу арқылы сүйіспеншіліктерін сақтап қалады. Бұл туынды 40 жылдан астам уақыт бойы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының репертуарын көркемдеп келеді. Жаңа қойылымда оперетта жаңа серпін алып, жарқын бояулармен байытылып, Жаңа жыл қарсаңында алматылық көрермендерге тамаша сый болмақ.

Қоюшы топ:

Дирижёр-постановщик – Ренат Салаватов, Татарстанның халық артисі, Ресейдің еңбек сіңірген артисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Режиссёр-постановщик – Иркин Габитов, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері

Суретші-қоюшы, костюм суретшісі – Вячеслав Окунев, Ресей Федерациясының халық суретшісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты

Бас хормейстер – Алия Темирбекова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Балетмейстер-постановщик – Александра Тихомирова

Бейнематериал суретшісі – Виктория Злотникова

Жарық суретшісі – Ирина Вторникова, Ресей Федерациясының мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері

Режиссёр ассистенті – Алуа Сабо

Жауапты концертмейстер – Асель Давлетьярова

 

Қатысушылар мен орындаушылар:

Генрих Айзенштайн

БАЛУАН БЕРКЕНОВ, ХАЛИД НҰРАЛИЕВ

Розалинда (оның әйелі)

НАТАЛЬЯ МЕЗИНА, НАДИЯ НАДЕНОВА

Адель (қызметшісі) 

НАРГИЗ САТМҰХАМБЕТОВА, АНЖЕЛА ШАГАРОВА

Фальк (театр директоры)

АЛЕКСАНДР СМЕТАНИН, ОЛЕГ ТАТАМИРОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, 

АНДРЕЙ ТРЕГУБЕНКО, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Альфред

ФАРХАТ КӨБЕЕВ, ДАМИР САДУАҚАСОВ                      

Орловский (князь)

АЙДОС ЖАБАҒИН, АЛИХАН БЕЙСЕКОВ

Франк (түрменің директоры)

ТӨЛЕГЕН РАХЫМБАЕВ , МАҚСАТ САМАТОВ

Түрме кезекшісі

СЕРІКҚАЛИ АУҚАТОВ, ЕВГЕНИЙ ШАГАРОВ

Түрме кезекшісінің көмекшісі 

ДАРХАН ЖОЛДЫБАЕВ , АСҚАР РЫСБЕК

Блинд (қорғаушы)

НҰРҒАЛЫМ АМАНБАЙ, ИСЛАМ ХАМЗАЕВ

Белгісіз

БЕКЗАТ ӘБІТОВ, ШЫҢҒЫС НҰРҒАЛИҰЛЫ

​Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор және балет труппасы

 Бұл тағылымды туынды 40 жылдан астам уақыт бойы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының репертуарын безендіріп келеді. Жаңа қойылымда оперетта тың серпінге ие болып, көркемдік тұрғыдан жаңа қырынан ашылады және Жаңа жыл қарсаңында алматылық көрермендерге тамаша сый болмақ!

 

Өтетін күні мен орны:

20–21 желтоқсан 2025 жыл, сағат 18:00

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, Алматы қаласы

19.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21221
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21001
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36190
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34618
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38546