ӘДІЛДІКТІ КҮТКЕН АУЫЛДАР

ӘДІЛДІКТІ  КҮТКЕН АУЫЛДАР

 

Ұлықтау рәсімінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

“…Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан, ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын”, - деп, жаңа президенттік мерзімінің алғашқы Жарлығын ауылды дамыту мәселесіне арнағаны белгілі. Үкіметке нақты жоспар әзірлеуді тапсырды.

Осы бағытта жүйелі жұмысты саяси партиялардың ішінен бірінші болып “AMANAT” бастап кетті. Ақтөбеде өткен жиында партия төрағасы Е.Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған “Ауыл аманаты” жобасының былтыр Жамбыл облысында пилоттық деңгейде табысты жүзеге асқанын, ал биылға - 52 миллиард теңге, жалпы алдағы жылдарға - 1 триллион теңге қарастырылғанын атап көрсетті. Бұл ауыл шаруашылығы саласында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, “АМАNАТ” партиясы өңірлік филиалдар жанынан жобалық кеңселер құрып, әдістемемен қамтамасыз ету, азаматтар мен әкімдерді оқыту, өтініштерді қабылдау және арнайы цифрлық платформа арқылы несеие беру, қаржы бөлуді ұйымдастыру барысын қадағалайтын болады. 

Шынын айтқанда, көптен 

әділдікті күткен ауыл тұрғындары үшін, шаруаларға деген жаңа көзқарас қалыптасатынын жан-жақты түсіндіріп, иландыру арқылы олардың сенімін қайтару оңай іс емес. Сондықтан, партия өкілдері мен оның жақтастары, жергілікті атқарушы органдар осы маңызды жобаны халыққа сөзбен емес, нақты іс арқылы насихаттауға тиіс. Сонда ауылға да, ауылдың үнін естіп, “Ауыл аманаты” бастамасын қолдаушыларға да қиянат болмайды.

 

#amanat

Дархан МЫҢБАЙ
17.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 71
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 32
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 66
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 71
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 268
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 264
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 885

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8961
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8355
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11581
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9339
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10565