Әділетті мемлекет – алға жылжудың кепілі

Әділетті мемлекет – алға жылжудың  кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауымен Сейсмология институтының ұжымы да жете танысып, талқылауда. Өйткені халықтың болашаққа деген сенімі артып келеді. Президенттің өзі атап өткеніндей, еліміз жаңа кезеңге қадам басуда. Жаңа, Әділетті қоғам құру жолында бірқатар игі шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Жолдаудың аталуынан да айқын аңғарып тұрғанымыздай, Әділетті мемлекет, Біртұтас ұлт, Берекелі қоғам дегеніміз қастерлі ұштаған ұғымын білдіреді. Қазақстанымыз гүлденіп, өркендеуі үшін әркім өзіне тапсырылған іске жоғары жауапкершілікпен қарап, сапалы еңбек етуімен үлес қосуы қажет. Сонда ғана еңсесі биік ел боламыз. Халықтың өзара тату-бірлігі берекелі қоғамның берік іргетасын қалайды.

Қоғамымызда шешуін күткен күрделі мәселелер аз емес. Президентіміз Жолдауында алға басуымыздың бес Бағдарын және оны жүзеге асырудың жолдарын да атап көрсетті. Соның «Жаңа экономикалық саясат» атты Бірінші бағдарында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, сонымен қатар шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнату қажет екенін бірінші кезекте атап өтуі бекер емес. Бұл мәселелер алдыңғы кезекте шешімін тапса, дамудың даңғыл жолына түсетініміз айқын

Институтымыз Қазақстан халқын жойқын зілзаладан сақтандыру және оның алдын алу бағытында іргетасы 1976 жылы құрылған еліміздегі осы бағыттағы бірегей мекеме. Осы биылғы жылдың басынан бастап ҚР ТЖМ-нің құзырына өттік. Осы күні кеше Қостанай облысының орманды алқабын және елдімекендерін шарпыған алапат өртті сөндірумен алғашқы кезекте төтенше жағдайлар департаменттерінің ұжымдары арпалысты. Тіпті, бүкіл ел болып тілсіз жаумен күресті. Өрт орасан зор әлеуметтік және экономикалық үлкен шығын әкелді. Мамандар өртенген орманды алқапты қалпына келтіру үшін кем дегенде елу жыл қажет деп отыр. Біз біртұтас қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, мұндай жағдайда сырт қала алмаймыз. Ел болып, жұрт болып, қандайда кездескен қиындықтар мен тосыннан келген осындай тосқауылдарды жеңіп отыруымыз қажет. Біртұтас ұлт дегеніміздің бір шешімі осындай жағдайда көрініс тапса керек. Институт ұжымы бір күндік жалақыларын қиындықты бастарынан кешіп жатқан қостанайлықтарға көмек ретінде аударуға шешім қабылдады.

Дәулет СӘРСЕНБАЕВ, ҚР ТЖМ «Сейсмология институты» ЖШС директоры
08.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 103
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 95
РУАНДА – ЕЛІМІЗДІҢ АФРИКАДАҒЫ ДОСЫ
Нағашыбай Қабылбек - 28.05.2025 63
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 98
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТ ҚУАТЫ
Ш.МЕКЕНБАЙ, Түркістан облысы - 28.05.2025 92
ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 103
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 95
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 98
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 286
Бөлінген қаржы қаңғыбас иттен құтқара ма?
Қарлығаш ШАҢҒАРАҚШЫ - 23.05.2025 315
Жәнияның   алтын медалі
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 22.05.2025 287

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13187
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13167
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28284
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 26971
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30462