Әділетті Қазақстан құру жолындағы ел Президентінің бастамасы

Әділетті Қазақстан құру жолындағы ел Президентінің бастамасы
Жүсіп Баласағұн «Кісі­ге екі дүние­де пайдалы – ізгі іс немесе мінезі түзу­лік. Екіншісі – ұят, Үшіншісі – әділ­дік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт таба­ды» деген. Жыл бұрын Мемлекет басшысы жария еткен саяси жаңғырудың түп мақсаты осыны қазақ қоғамына енгізіп, санада сілкініс жасап, бұйығы болмысқа қан жүгірту еді.
Әділетті Қазақстан құру жолындағы ел Президентінің бастамасы қолдау тапты. Бар жоғы 365 күнде аса ауқымды істер атқарылды.
Нәтижесінде, мемлекеттік биліктің ең жоғары өкілдігі - заң шығарушы органға алғаш рет алты партия өкілдері жиналды.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысып жатырМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Парламенті сегізінші шақырылымының алғашқы сессиясын ашылуында ел алдындағы басты міндет-мақсаттарды шегелеп айтты. Ол мақсат-міндеттерді орындауға алғышарттар дерлік жасалды.
🟢Мемлекет басшысы бір жылға жуық уақыттың ішінде, Референдумды қоса алғанда 5 саяси науқан өтіп, еліміз үшін қиын кезеңде осыншама ауқымды жұмыстарды қысқа уақыт аралығында жүргізгенімізді, еліміздегі жаңа саяси мәдениеттің, азаматтық қоғамның қалыптасып келе жатқанын, Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанын атап өтті.
🟢 Ел Президенті алдымызда үлкен міндеттердің тұрғанын, әлеуметтік-экономикалық салаға тың серпін беруіміз керектігін, халықтың әл-ауқаты нашарлап, тұрмыс сапасының әлі күнге дейін жақсармағанын, алдағы бес жылда Үкімет және Парламент осы мәселелерді шешу жолында тиімді әрекеттерді жүзеге асыру қажеттігіне баса назар аударды.
Мемлекет басшысы былтырдан бері саяси жүйені жаңғыртуға мән бергенімізді, ендігі кезекте экономикадағы нақты мәселелермен айналысып, жүйелі жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне тоқталды.
Шағын және орта кәсіпкерлік экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуы және оларды толыққанды қолдау шараларын қабылдау, Үкіметке экономиканың негізгі салаларына қомақты инвестиция, әсіресе шетелдік инвесторларды тарту міндеті жүктеліп, алдағы 5 жыл шағын және орта бизнесті қолдауға арналуы керектігін атап өтті.
Президент сегізінші шақырылған депутаттарға сегіз тарам тапсырма жүктеді.
Новых депутатов мажилиса распределили по комитетам
📌Біріншісі. Іскерлік белсенділікті ынталандыру.
Ел Президенті ол үшін тұрақты, әділ салық жүйесін қалыптастыру керектігін айтты.
📌Екінші. Еліміздің өндірістік әлеуетін барынша арттыру маңызды.
Ел экономикасы қазіргі таңға дейін пайдалы қазбаларға тәуелді, оны шешу үшін әртарапты экономикалық құрылым қажеттілігін тілге тиек ете кетті.
📌Үшінші. Инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды қайта қарау, салаға инвестиция қажет.
📌Төртінші. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беру қажет.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып, 1 мыңнан астам ауылдық елді-мекендегі 3700 нысанның жаңғыртылғанын, жұмыстардың келешекте де өз жалғасын табатындығына тоқталды. Осы жылы да 1,5 мыңнан астам жобаға мемлекеттен 143 млрд теңге бөлінеді. «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынып, ауыл тұрғындарына 5-7 жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын несие берілетіндігін айтты.
📌Бесінші. Адам капиталының сапасын барынша арттыру міндеті тұр.
Білім беру саласындағы менеджментті жақсарту, Президенттік жастар кадр резерві үлгісімен білім саласына тыңнан өзгеріс әкелетін 1 мың маман дайындау бойынша бағдарламаның қабылданатындығы да жария болды.
📌Алтыншы. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қолдау – басты міндеттің бірі.
Қиындыққа тап болған адамдарға көмек қолын созу керектігі, соның ішінде, ана мен баланы қорғауға ерекше назар аударылуы тиіс екендігі айтылды. Бұл бағытта жасалған біршама мемлекеттік шаралар бар. Жасау керегіміз де шаш етектен.
📌Жетінші. Адам құқығын қорғау жүйесін жалғастыру қажет.
Өмірдің барлық салаларында құқық үстемдігі қағидатын сақтау еліміз үшін прогреске айналуы тиіс.
Және әрбір азаматтың өз құқықтарын қорғауға сенімді болуы маңызды екендігін, барлық азаматтар соттағы құқықтарын қорғау үшін сапалы заң қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті тұр .
📌Сегізінші. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін және стратегиялық жоспарлаудың сапасын көтеру қажет.
Мемлекет басшысы сайлау алдындағы бағдарламалар мен халыққа берілген уәде орындалуы керек, сонда ғана қоғамның билікке және саяси реформаларға деген сенімінің ұлғаятындығын айтты.
«Бізге орасан зор жауапкершілік жүктелген. Бұл – өткен тарихтың және болашақтың алдындағы жауапкершілік. Келер ұрпақтың қандай мемлекетте өмір сүретіні біздің бүгінгі шешімдерімізге тікелей байланысты. Еліміздің мақсаты – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Мұның бәрі бір күнде жасалатын шаруа емес. Баршамыз табанды, еңбекқор, білікті, ұқыпты, тәртіпті болуымыз керек. Ең алдымен, отаншыл болуымыз қажет" - деді Қасым-ЖомартТоқаев.
Ұлттың және мемлекеттің мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс. Әрине, қоғамның дамуы үшін пікір алуандығы қажет. Бірақ, елдік мәселелерге келгенде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген жөн. Елімізді өркендету үшін еңбек ету – баршамыздың азаматтық борышымыз екендігіне де Президент екпін түсірді. Яғни, мақсат - баршамыз бір кісідей ҰЛТҚА қызмет ету.
Бибігүл Жексенбай ФБ парақшщасынан
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 177
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 172
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 682
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 802
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 716

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8868
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8263
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11491
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10474