Аталған сұраққа Премьер-министр Әлихан Смайылов: «Біз Атом электр станцияларын салу мен пайдаланудың халықаралық тәжірибесін зерттеп жатырмыз. Бұл оңтүстіккореялық, француздық, қытайлық және ресейлік технологиялар. Түркияға арнайы барып «Росатом» компаниясының қатысуымен салынып жатқан «Аккую» атом электр станциясын қарап шықтық. Бұл француз компаниясының тәуелсіз сараптамасы бар танымал жеткізушілерден жабдық сатып алынатын халықаралық жоба. «Аккую» тәжірибесі бізге өте пайдалы. Қазақстандағы АЭС жобасы да халықаралық болады. АЭС жұмысының қауіпсіздігіне ерекше мән береміз. Маусымда делегациямыз Оңтүстік Кореяда болды, шілдеде Францияға бардық. Қытайлық жеткізушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Халықаралық тәжірибені тереңдетіп зерттеу нәтижелері бойынша ядролық технологияларды жеткізушілер тартылады. Қайталап айтамын, бұл халықаралық жоба болады. АЭС құрылысы сегіз жылға жуық уақытқа созылатын ұзақ кезеңді қамтиды.
Ядролық энергиясыз энергетикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ете алмаймыз. Біз көмір есебінен генерацияны көбейте алмайтын шығармыз, өйткені бүкіл әлем декарбонизация бағытына қарай бет алды. Біз атом электр станцияларынан қорықпауымыз керек, ең қауіпсіз технологияны және барлық жұмысты дер кезінде орындай алатын жеткізушілерді таңдаймыз», – деп жауап берді.