Ағайындылар алаңда бірге жүрдік

Ағайындылар алаңда бірге жүрдік

Менің есімім Сәкен Мырзабай Нұрмаханұлы 25.07.1965 жылы дүниеге келгенмін.

Дәл сол желтоқсан күндері патриоттық сезімнің оянуына үйдегі Сағила әпкемнен естіген жаңалықтардың әсері себеп болды ма? Әлде алдымыздан кездескен жастардың іс-әрекеті мен батылдығына бас игендігім бе, оны бір сөзбен айтып түсіндіру мүмкін емес, біз ағайындылар шетте қалмай, жалындай жанып келе жатқан топқа ілесуді жөн көрдік. Бізді ешкім үгіттеген жоқ, күш көрсеткен жоқ, өз еркімізбен сол топқа қосылып, қолдан келгенше айналамыздағы болып жатқан өзгерістерге өз үлесімізді қосқымыз келді. Алаңға жеткенде, бірінші көзге түскен ол формадағы милиционерлер мен курсанттар еді, олар алаңның шет жақтарында сақадай-сай, шеңберленіп қоршап тұрған еді. Өзіміз ілесіп келген жігіттер алаңға жеткен соң көпшіліктің арасында ыдырап сіңісіп кетті. Рубкамен мен қала прокурорымын алаңға жиналуды доғарыңдар, тараңдар үйлеріңе, үкімет өзі біледі, үкімет шешімді өзі қабылдайды, сендердің мұнда жиналғандарың заңсыз деп ескертіп жатты, алаңға жиналған халықтың қойған талаптары мен сұрақтарына нақты жауап берген адамдарды байқамадым.

Нағыз пікір талас алаңда болып жатты, айналаның бәрі гу-гу жиналған халық топ-топ болып, көптен бері жатып қалған ойларын, сырларын ағынан жарылып, патриоттық мақтанышпен айтып жатты.

«Д.Қонаев трибунаға шығып мен өз еркіммен кеттім деген сөзді өзінің аузыннан естиік» деген талаптар да аз болмады, айтылған сөздер мен талаптар мазмұны бойынша қайталанып жатты.

Өз басым алаңға жиналған халықтың ішінен бұзақылар мен наркомандарды немесе маскүнемдерді көрген жоқпын, керісінше алаңға жиналған азаматтардың жүздері жарқын, көздері ашық, өзінің елінің болашағын ойлайтын нағыз жанашыр патриот азаматтар екендігін ерекше сезіндім…

Алаңға шыққан Қазақстан азаматтарының қойған талаптары мен іс-әрекеті сол кездегі Мәскеуде отырған үкіметті қатты қорқытып жіберді. Дүние жүзін өзіне тәуелді етіп отырған коммунистік партия режимінің дәл жүрегіне найзағай қадалып жарқ еткендей болды. Бұл қазақ халқының тарихи егемендік алу жолындағы жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.

Жоғарыда екі бауырым бастан өткерген жайттарды қысқаша баяндап өтті ғой. Оның барлығын қайталамай-ақ қояйын. Бұл айтылғандар ағайынды үшеумізге ортақ. Өйткені, сол кезде біз жұбымыз жазылмастан бірге жүргенбіз. Енді қаншама жылдар өткен соң осы бастан өткен оқиғаны еске алудың себебі, өсіп-өніп келе жатқан жастар алаңда жиналған халықтың айтқан наразылықтары мен талаптарын көзі тірі куәгерлерден естігені дұрыс деп ойлаймын, ал қалғаны уақыттың еншісінде және архивте сақталған жазба аудио-видео кадрлар оған куә.

1986 жылы Алматы қаласында болған желтоқсан көтерілісі мен үшін үлкен саяси және тарихи мағынасы бар оқиға болып қалатынына сенімдімін, сол тарихи үзіндінің алғашқы бұлағына куә болғанымды растаймын және мақтан тұтамын. Желтоқсан көтерілісіне саяси және әділ түрде үкімет пен қоғам өзінің статусын толығымен берген жоқ, бұл – уақыттың еншісінде.

Ақнұр ШАЯХМЕТ
15.07.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 119
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 118
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 634
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 752
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 664
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 677

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8811
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8210
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11437
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9192
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10421