Ағатайымның жүрегі әнге толы еді...

Ағатайымның жүрегі әнге толы еді...

«Тәуекел ағаңа ас берейін деп жатырмыз» деп Қаппар ағам қоңырау шалғанда көңіл шіркін теңіздей толқып, сона-ау өткенге жетектей жөнелді. Шүкір, менің ағаларым көп болды. Құттымұрат, Оспан, Жорабек, Қантай, Көшер, Мұса, Иса, Сартай, Тәуекел, Қаппар ағаларым. Қазір жер басып жүргені екеу ғана: Иса, Қаппар. Ел сыйлаған еңбекқор, аптал азаматтар болатын. Әрқайсысының орны бөлек. Беу, дүние!

Тәукеңнің орны да ерекше еді мен үшін. Балалық шағымыз бірге өтті. Шардара ауданы, Көксу ауылында марқұм Балқия әжемнің қолында өстік. Өзбекстаннан Жақсым атам мен Айғали көкем 20 шақты үйді осында көшіріп әкелді. Келе сала бір отар қой бақтық. Әке-шешеміз Қызылқұмда. Біз Тәуекел, Райхан, Қаппар төртеуміз мектепте оқыдық. Ауылдың шетінде жапырайған ескі кесек үйде тұрамыз. Тәуекел ағам арманшыл еді. «Әнші, күйші боламын» дейтін. Қыңқылдап жүріп домбыра сатып алды. Сабақтан соң тыңқылдатып отырғаны. Жалықпайды. Түнде домбырасын басына қойып жатады. Қаппар ағаммен бірге мен де босай қалғанда домбыраға жабысамын. Тәукең қанша тырысқанмен таңғажайып әнші де, күйші де болмады. Бірақ қоңыр даусымен ән салатын. Қаппар ағам дәулескер күйші дәрежесіне көтерілді. Мен де олардан қалмай ән айтатынмын.

Ол бәрібір өмірбақи әннен қол үзбеді. Үнемі ыңылдап ән айтып жүретін. Сыр еліне көшіп келген соң, механизатор диқан  болды. Ақкөңіл, жайсаң жан еді. Мен мектепті бітірген соң көкем Тәукеңді шақырып алып: «Мына Ертай ініңді Алматыға оқуға апарасың», – деді. Қайран ағатайым да, мен де қуанып кеттік. Алматы арман қала, алып қала екен. Өмірі қала көрмеген біз мұнда келгенде қатты қиналдық. Орысша білмейміз. Мұндағылардың дені орысша сөйлейді екен. Орыстар көп. ҚазМУ-ды таппай талай адастық. Амал жоқ, ағам мені жатақханаға орналастырып, ауылға қайтты. Кетерде ол да, мен де жыладық...

Тәуекел ағам бала мінезді еді. Мені баласынбай, құрдасындай сөйлесе беретін, сырын айтатын. Бір күні ағам маған сырын айтты. «Ертай! Мен бір сұлу қызға ғашық болып қалдым», – деді. «Кім ол?» – деппін жұлып алғандай. Ол басын қасып біраз отырды. «Иә, ол шынында да сұлу. Жымиған кезде бүкіл әлем сұлуланып кетеді», – деді сыбырлай сөйлеп. «Ау, сонда ол кім?» – дедім оның сөзін шыдамай бөліп жіберіп. Ақыры айтты. «Оның аты – Сәбит», – деді тебірене сөйлеп. Көз алдыма қараторы өңді, үнемі жымиып жүретін Тәукеңнің кластас қызы келе қалды. Сәл үндемей отырдым. «Не айтады екен?» – деп Тәукең маған жапақтап қарай берді. «Иә-ә, ол қыз шынында да сұлу», – дедім. Шын көңілмен айттым. Ол балаша қуанып кетті. «Мен сол қызға қайткенде де үйленемін», – деді ол нық сеніммен. 

Көп ұзамай екеуі шаңырақ көтерді. Сәбит жеңешем қара шаңыраққа келін болып түсті. Жақсым атам мен Балқия әжем келіндерін үнемі мақтап отыратын. Мен де жеңешемді жақсы көрдім. Бүкіл ауылда сыйлы келін атанды. Атымды атамай «Төре бала» деп ат қойды маған. Рахима, Саттар, Ақжарқын, Асқар атты іні-қарындастарым дүниеге келді. Қазір бәрі бір-бір үй. Тәуекел ағамның өмірін жалғастырып жатыр. Шүкір, ағамның 14 немере, 20 шөбересі бар. Әттең... ағатайым жазатайым оқиғадан 28 жасында ерте кетті. Жатқан жері жайлы, иманы жанында, жаны жәннатта болғай! Сәбит жеңешем жас қалған інілерім мен қарындастарымды аялап өсірді. Қазір ауырыңқырап жүр. Аллам шипасын берсін! Иә, Тәуекел ағамның да бұл фәниден көшкеніне 46  жыл болыпты. Айналайын, жеңеше, беріп отырған ас қабыл болсын!

 

 

Ертай Айғалиұлы
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 27
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 48
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 16
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 28
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 24
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 51
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 48
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 256
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 253
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 875

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8950
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8344
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11570
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9328
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10554