Агроөнеркәсіптік кешен Қазақстанның негізгі салаларының бірі болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылшаруашылығын жеңілдетілген қаржыландыру көлемін бірнеше есе ұлғайту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланған. Бұл фермерлерге ауылшаруашылық циклінің барлық кезеңдерінде, дайындықтан бастап егін жинауға дейін қолдау көрсетеді. Бөлінген көлемнің алғашқы 100 млрд теңгесі былтырғы жылдың желтоқсан айында фермерлерге қолжетімді болды. Бұл көктемгі егіс жұмыстарына уақытылы дайындықты қамтамасыз етуге және жаңа маусымды кідіріссіз бастауға мүмкіндік берді.
Қазақстанда өнім шығару көлемі жыл сайын артып келеді. 2023 жылы Қазақстанның ауылшаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 8,3 трлн теңгені құрады. Былтыр да осы шамаға иек артыппыз. Биылғы қарқында жаман емес секілді. «Балапанды күзде санайды» демекші, биылғы жетістікті жыл соңында көріп қалармыз.
Агроөнеркәсіптік кешеннің қазақстандық өнімі ішкі нарықта ғана емес, сыртқы нарықта да сұранысқа ие. Қазақстанның ауылшаруашылығы тауарларын негізгі сатып алушылары ЕАЭО, Қытай және Иран елдері болып табылады.
2023-2024 жж. негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 10,3%-ға жетіп, 981,1 млрд теңгені құрады.
2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл аманаты» ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша ауқымды бағдарлама басталды. Оны іске асыруға 100 млрд теңге бөлінді. Беруге жоспарланған 17 мың микрокредиттің ішінде 15 мың микрокредит беріліп, 16,4 мың жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 12,1 мың микрокредит мал шаруашылығын дамытуға, 549 – өсімдік шаруашылығын дамытуға, 415 – техника мен жабдықтар сатып алуға және қызметтің басқа салаларына 1,9 мың микрокредит бағытталған.
Бағдарлама шеңберінде ауыл тұрғындарының бизнесін дамытудың ажырамас бөлігі ресурстарды біріктіріп жатыр және ЖҚҚ өнімін неғұрлым тиімді шарттарда өткізуді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын, сол арқылы ауыл тұрғындарының табыстылығын арттыратын ауылшаруашылығы кооперативтері болады. «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру кезінде өңірлерде 400-ден астам ауылшаруашылығы кооперативі құрылды, оның 337-сі 7,1 млрд теңге сомасына қаржыландырылды.
Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3911 ауылшаруашылығы кооперативі жұмыс істейді, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 361, мал шаруашылығында – 1510, басқа да қызмет түрлерімен 2040 айналысады. 2023 жылы олар 67,8 млрд теңге сомасына шамамен 1,2 млн тонна ауылшаруашылығы өнімін өндірді (өсімдік шаруашылығында – 22,3 млрд теңге сомасына 1053,6 мың тонна, мал шаруашылығында – 45,5 млрд теңге сомасына 187,3 мың тонна, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артық). Биыл бағдарламаны іске асыруға 100 млрд теңге көзделген, 18,2 мың жұмыс орнын құра отырып, 10,7 мың микрокредит беру жоспарланған.
Мемлекет республикалық және жергілікті атқарушы деңгейде елде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен осы саланы дамыту үшін жағдайлар жасауда. Инвесторларға жеңілдетілген несие шарттары, кедендік баждар, салықтық жеңілдіктер және заттай гранттар ұсынылады.
Мемлекеттік қолдау тетіктері де аргарлық салаға серпін беріп тұр.
2024 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру 3 есеге артып, 580 млрд теңгеге жетті. Тек «Кең-дала-1», аграршыларға арзандатылған кредиттер беруді көздейтін бағдарламаны іске асыру үшін ғана мемлекеттік бюджеттен 140 млрд теңге бөлінді. «Кең-дала-2» бағдарламасы бойынша кредит беру арналары кеңейтілді. 9 айдың қорытындысы бойынша «АНК» АҚ арқылы ӘКК қаржыландыру 82,3 млрд теңгені құрады. Ауылшаруашылығы техникасын жаңарту мақсатында Үкімет «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасын іске асыруға 120 млрд теңге бағыттады.
2024 жылдың тоғыз айында тек Аграрлық несие корпорациясы желісі бойынша ауылшаруашылығы тұтыну кооперативтеріне 82,3 млрд теңге берілді. Ауылшаруашылығы техникасын жаңарту мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасын іске асыруға 120 млрд теңге бағыттады. Сондай-ақ биыл фермерлерге кредит беру мөлшерлемелері отандық өндірістің ең қажетті техникасының кең тізбесін сатып алуға 20-22%-дан 5%-ға дейін төмендетілді.
Мемлекет басшысының ауылшаруашылығы техникасын жыл сайын 8-10%-ға дейін жаңарту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылшаруашылығы техникасының лизингіне кемінде 200 млрд теңге бөлу мәселесін пысықтап жатыр.
Субсидиялаудың ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында мемлекеттік қолдау тетіктеріне өзгерістер енгізілді. Негізгі бағыттардың бірі – су үнемдеу технологияларын пайдалану. Ол үшін субсидиялау нормативі 80%-ға дейін ұлғайтылды. Бұл су үнемдеу технологияларын пайдаланатын аумақты 455 мың гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.
Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі 3 саласы бар:
1) ауылшаруашылығы;
2) ауылшаруашылығын өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін салалар тобы (ауылшаруашылық машиналарын жасау және минералдық тыңайтқыштар өндірісі);
3) ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеумен айналысатын салалар тобы (жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі).
АӨК қалыпты, нәтижелі жұмыс жасауы үшін заманға лайықталған, шаруашылықты игеруге жарамды соңғы техникалармен қамтамасыз етілу керек. Бұл сала тоқтаусыз жұмыс істеу үшін 4000 түрлі техника, құрал-жабдық қажет. Қазақстанда ауылшаруашылығына арналған техникалардың тек 400 түрі шығарылады. Сол себепті де Қазақстанда қол еңбегінің үлесі жоғары және әлі күнге дейін Кеңес Одағы дайындаған ескі техникалар қолданылып келеді. Елімізде маңызды өндірістер енді пайда болып келе жатыр.
Ауылшаруашылығы – агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші саласы. Оның өнеркәсіптен басты ерекшелігі – ол табиғатқа, ауа райына, топырақ жағдайына тәуелді. Саланың өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді. Құрғақшылық, аяз, қар басу, көктайғақ сияқты табиғи құбылыстар ауыл халқының егін өнімі мен мал басын сақтап қалуына қиындық туғызады.
Ауылшаруашылығының дамуының 2 жолы бар:
1) Экстенсивті (жер немесе мал басының өсуі),
2) Интенсивті (техниканы, тыңайтқыштарды тиімді пайдалану)
Жер реформасына байланысты Қазақстандағы ауылшаруашылығы 3 санатқа бөлінеді:
1) ауылшаруашылық кәсіпорындары (саланың негізгі қызметтерін орындайтын, заңды түрде жұмыс жасайтын ұйымдар),
2) шаруа қожалығы (шаруаға жарамды жерді пайдаланып, отбасылық бірлестіктер құрып, жерге ауылшаруашылық өнімдерін егіп, өнім алу),
3) халықтың жеке шаруашылығы (бау-бақша, саяжай, олардан түскен өнім).