Әйелдерді зорлық- зомбылықтан кім қорғайды?

Әйелдерді зорлық- зомбылықтан кім қорғайды?

Бүгінгі қоғамда жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Дейтұрғанмен отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары да жиі кездеседі.

Оралда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен өткен дөңгелек үстелде қоғамдағы  тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы кездесуге Орал қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, қалалық полиция басқармасының басшылығы, ардагерлер кеңесінің төрайымы, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті және Орал қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімнің аға инспекторлары, өзге де мүдделі бөлініс басшылары қатысты. Сонымен қатар дөңгелек үстелде тәуелсіздік жылдарындағы ішкі істер органдарының жетістіктері де таныстырылды. Бұл туралы Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Дильяра Саттарова күні бүгінге дейінгі полиция қызметінің жұмыс барысына және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтаса атқарылған іс-шараларға тоқталды. 

Орал қалалық полиция басқармасы басшылығы да үкіметтік емес ұйымдармен тиімді байланыс орнатылғанын жеткізді. Басқарманың мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс атқаруда. Көп жағдайда көшеде әйел адамдарға бейтаныс тұлғалардың күш көрсетіп, бағалы заттарын ашық түрде түрде тартып алу фактілері кездеседі. Осындай жәбір көрсету оқиғалары кезінде қырағы тәртіп сақшылары дереу қимылдап, күдіктілерді қолға түсіріп, жәбірленушілердің алғыстарына ие болып жатады. Осындай үздік полиция қызметкерлерінің есімдері де аталып өтті. 

Дөңгелек үстелде бас қосқандар отбасы құндылықтары, отбасындағы ата-ананың рөлі, бала тәрбиесі төңірегінде де ой-пікірлерімен бөлісті. Ардагерлер өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау бағытында қолға алынуы тиіс жұмыстарға басымдық берді. 

Ал «Аналар» үйінің өкілі өзі басқаратын мекеменің тыныс-тіршілігінен хабардар етті. Айтуынша, тағдыр тәлкегіне түскен, қысымшылық көрген нәзік жандарға орталық қолұшын созып, көмек көрсетіп, қайырымдылық жасаған. Бұл мекеме де полиция қызметімен бірлесе жұмыстануға ниетті.

Өткен жылдың мамыр айынан бері Орал қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы жұмыс жасайды. Осы топтың ықпалымен де арыз-шағымдар тіркеліп, қорғау нұсқамалары қойылуда. 

Үкіметтік емес ұйымдар алдағы уақытта өздерінің әр бастамаларының қолдау тауып, түрлі мәселелерді бірлесе шешуге жұмыстанатындарына сенімді. Жиынға қатысушылар басқосуда талқыланған мәселелермен одан әрі жұмыстануға, барлық жоспарларды бірге жүзеге асыруға уағдаласты.   

Тағы бір айта кетерлігі, қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары бірден әшкереленбейді. Бұған себеп – адамдардың бұл мәселені ашық айтпауында. Алайда бұл дұрыс емес. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың соңы қылмысқа ұрындыруы әбден мүмкін. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 275
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 493
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9543
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756