Әкімдік және өзекті мәселелер

 Әкімдік және өзекті мәселелер

Облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында 2023 жылы елді мекендерді сумен қамту және жолдарды жөндеу мәселелері қаралды. Облыс бойынша биыл 650 шақырымға жуық жолды жөндеу жоспарлануда. Өңір басшысы Айдарбек Сапаров 1 мамырға дейін құрылыс-монтаждау жұмыстары мен техникалық қадағалау жұмыстарының конкурстық рәсімдерін аяқтауды жеделдетіп, бөлінген қаржының дер кезінде игерілуін ерекше бақылауға алуды, жобалардың кестеге сай орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Мердігерлер өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, оларды жосықсыз компаниялардың тізіміне енгізе отырып, шарттарды бұзу шаралары қабылдануы тиіс. Сондай-ақ нысандарда техникалық қадағалау мамандарының жұмысын бақылауға алу қажет.

Сумен қамту мәселесі бойынша облыс әкімі барлық аудандарда қаржының дер кезінде игерілуін ерекше бақылауға алу, жобалардың кестеге сай орындалуын қамтамасыз ету  керектігін атап айтты.

Сонымен қатар, сумен жабдықтау нысандарын сенімгерлік басқаруға беру жұмыстарын жандандыру қажет. Петропавл қаласының әкіміне магистральдық желілерді қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын уақытылы әзірлеуді қамтамасыз ету тапсырылды.

 

Нұрсайын Шәріп, Солтүстік Қазақстан облысы
13.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 334
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 479
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 326
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 181

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18243
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18103
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33292
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31841
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35557