Алматы қаласында волейболдан әуесқой ерлер командалары арасында «Аль-Азим» XII Республикалық турнирі болып өтті. Жарысқа Республиканың барлық өңірлерінен жалпы 18 командалар қатысып, өзара ең үздік команданы анықтады. Айтулы турнирде Жамбыл облысын намысын Байзақ ауданы құрама командасының спортшылары қорғады.18 команда 4 топқа бөлініп, өзара топтың жеңімпазын анықтады.
Жерлестеріміз өз тобында Алматы қаласының «Кроус», «Кегог», «JMI» және ШҚО — ы, Күршім ауданынан келген «Көкжал барақ» командаларын ұтып, өз тобында бірінші орынды иеленіп, келесі айналымға жолдама алды. 1/8 финалда тағы да «Көкжал барақ» ШҚО-ның командасын, 1/4 финалда Жаңақорғаннан (Қызылорда облысы) келген команданы тізе бүктіріп, жартылай финалға жолдама алды. Сонымен қатар, іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша жартылай финалға «Шекара» (Алматы қаласы) және Алматы облыстарының «Кеден ауданы» және «Шырын» командалары жартылай финалға шықты.
Жартылай финалдық ойындар аса тартысқа толы болды. Жерлестеріміз Алматы облысының «Кеден ауданы» командасын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты. Тартысты финалда Байзақ ауданы командасының спортшылары 2:1 есебімен «Шекара» (Алматы қаласы) командасына есе жіберіп, күміс жүлдені иеленді. «Шекара» (Алматы қаласы) командасы турнирдің жеңімпазы атанса, Кеден ауданы үшінші орынға, ал, Алматы облысынан келген «Шырын» командасы төртінші орынға табан тіреді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Кубок, медальдар, Диплом, бағалы және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.