Алаштың Амангелдісі...

Алаштың Амангелдісі...

Халық желге тұтатын тұлғасы өлген сайын жетімсірейді.

Алаштың бір ағасы өмірден өтті: Амангелді Айталы жаратқанға қайтты. 

 

Қазекең елдің, ұлттың сөзі мен мүддесін мүдделейтін адамды әуелден "ел ағасы" дейді. Әбекең ел ағасы болды. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. 

Ол кісі қазағын екі тілде бірдей қорғаштаумен өтті. Әсіресе, шовинистерге келгенде ол алдаспандай тіліп түсетін. Оның тұлғасының құны да, сыны да осылай қалыптасты.Бойы да, ойы да биік болатын. 

 

 Қазақтың сөзін сөйлеуге келгенде, ол алдына жан салмады. Сауатты сөйледі, көсіле айтып, көсіп жазды. Аман аға ұлттың қамын  қарыштап қамтитын ойларымен, шыңыраудай тереңнен тартқан сөздерімен толғады. Қазағы оны осы қарымы үшін таныды, мойындады, арқа тұтты.  Оның диссертациялық тақырыптары да  - ұлт мәселесі болатын.

 

А.Айталы қазақтың бірегей бетке ұстары еді. Ұлттың қай шеттегі ұл-қызы да бейітіне беттеуге тұратын, мінәжат етуге, алғысын айтуға лайық тұлғасы.  Ажтарханда туып, Ақтөбеде өскен Амангелді Айталы алашқа ортақ пантеонда жерленгені мақұл еді... Ол қоғам және мемлекет қайраткері ғана емес, алдымен ұлт қайраткері болды ғой.

 

Әрине, өлгесін қазақтың қай жерінен топырақ бұйырғаны бәрібір ғой дерміз. Алайда ұлттың жалауын желбіреткен тұлғалардың бейіті де ұлтын рухани тербетіп жатқаны жарасымды әрі мемлекеттің іргесін бекіте түсетін рәсім ғой. Өйткені, тұлғаның қалыптасуы жеке басы мен ғұмырын ғана қамтымайды, ұлтының, халқының да рухы мен өнегесін қамтиды. Әйтеуір, дәл қазыр қазағын қадыр тұтқан жанның халқына сүйегі де арқатұтар болып жатса, несі айып!

 

Ағамыз өнегелі ғұмыр кешті, өз миссиясын толық атқарды. Қазаққа аға бола алды. 

Енді ақсақалымыздың алдынан жарылқап, артқы рухани ғұмыры қазағына қайырлы болсын.  

Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болғай.

 

Серік Ерғали
25.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 28
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы - 23.04.2024 15
ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 23

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 976
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7027
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10870
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7093
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7233